30 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оккупацияланған төрт облысын псевдореферендумға сілтеп Ресей қарамағына қосылғанын мәлімдеді. Украина бұл ештеңені өзгертпейді дейді және Донецк облысындағы тағы бір қаланы азат етуге жақын қалды.
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" (ресейліктер мұны толыққанды мобилизация дейді) жариялағаннан кейін елдегі азаматтар әскерге жаппай шақырту ала бастады. Соғысқа аттанып бара жатқандардың арасында әскери тәжірибесі жоқтар да көп.
Украинаның Ресей басқыншылығына қарсы күресінде дрондар маңызды рөл атқарады. Киев осы соғыс құралдарын барынша тиімді пайдалану үшін дрон операторларын көптеп дайындауға тырысып жатыр.
Ресейде "ішінара мобилизация" жариялағаннан кейін Грузиямен шекарадағы Верхний Ларс бекетінде бірнеше шақырымға созылған көлік кезегі пайда болды. Әлеуметтік желіде ресейліктер шекарадан қалай өтуге болатынын сұрап жатыр. Бірақ грузиндердің көбі жылы қабақ танытып жатқан жоқ.
Ресей бастаған соғыстан бас сауғалаған Украина азаматтары Қазақстанға пана іздеп келді. Бірақ олар елде бейбіт өмір сүрудің орнына депортацияға ілікпеу жолын іздеуге мәжбүр.
Ресейде Кремль жариялаған "ішінара мобилизацияға" наразылық күшейіп барады. Аймақтарда тұрғындар жақын-туғанын Украинаға соғысқа жіберуге қарсылық танытты. Иркутск өңірінде әскери комиссариат өкіліне тұтқиылдан оқ атқан.
Бүгін, 23 қыркүйекте орыс әскері басып алған Украина аймақтарында псевдо-референдум басталды. Оны Кремль ұйымдастырып жатыр. Тұрғындар Ресейге қосылуды жақтап не қарсы дауыс береді. Бұл науқан жеті айдан бері жалғасқан соғысты одан әрі ушықтырады деген қауіп бар.
Кремльдің мобилизация жариялап, 300 мың адам әскерге алынатынын мәлімдеуі Ресей қоғамын дүрліктірді. Елден шығуға асыққан ресейліктер көбейді. Азаттық тілшілері Ресейдің Қазақстанмен шекарасындағы кейбір бекеттердегі жағдайды көріп қайтты. Ресейден келіп жатқандар мобилизациядан қашқанын жасырмайды.
Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте "ішінара мобилизация" туралы жарлық шығарғаннан кейін елден кетушілер күрт көбейді. Қазақстанға қарай өтіп жатқандар да көп екені жайлы ақпарат тарады. Ресейдегі қазақтардың қазіргі жағдайы қандай? Азаттық оларға хабарласып, қазіргі жағдайын білді.
21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара әскери мобилизация жариялады. Сондай-ақ ол Украина шығысындағы жікшіл республикалардың референдум арқылы Ресейге қосылу бастамасын да қолдады.
Тағы