Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда отырған белсенді Тимур Дәнебаевты азаптаған видео тарады. Оқиғаны қылмыстық атқару-жүйесі комитеті растап, тергеу басталғанын мәлімдеді. Дәнебаев көпшілікке Қаңтардағы "20 мың бандит" деген сөзі үшін президенттің үстінен жазған арызымен таныс.
Алматыда жабық сот процесінде ҰҚК-нің 11 қызметкерінің ісі қаралып жатыр. Оларға азаптау бабымен айып тағылған. Жәбірленушілер Қаңтар қырғыны кезінде өздерін Дикий Арманның адамдары көшеден ұстап әкетіп, ұрып-соғып, кейін күш құрылымдары өкілдерінің қолына тапсырған дейді.
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан оннан астам азамат "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен сотталды. Марқұмдардың туыстары үкіммен келіспей, оларды ақтап алуға тырысып жүр. Қазақстанда өлген адамдарға үкім шығаратын post-mortem соттары қаншалық әділ өтеді? Аруақты сотқа тарту тағы қай елде бар?
Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған 29 жастағы қызылордалық Фархад Омаровтың қазасы бойынша ешкім жазаланбады. Есесіне қалалық сот марқұмның өзін полицияға "оқ атты" деп соттады. Омаровтың туыстары "оған тағылған айыптар қолдан жасалған, куәгерлерден қысыммен жалған түсінік алынған" дейді.
Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасы бойынша негізгі сот процесі басталды. Жабық сотқа кіре алмаған Айдос Мелдехан айыпталушының қамауға алынбағанына наразы болып, сот алдында жанжалдасып қалды. Сотқа тартылған әскери қызметкер кінәсін жоққа шығарады.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің туыстары президент әкімшілігіне барды. Айдос Мелдехан соттың ашықтығын талап етіп, іс деректерін жариялауды талап етті.
Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды "басып алды" деп 4-8 жылға сотталғандар кім? Олар дүрбелең кезінде әуежайға қалай тап болды? Прокурор іс бойынша қандай айғақтар келтірді?
13 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасына байланысты соттың алдын ала тыңдауы өтті. Сотқа Айкөркемнің әкесі мен әпкесін кіргізген жоқ. Сот қызметкері істе "мемлекеттік құпия барын" айтып, "процесс жабық өтеді" деді.
11 шілдеде Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу ісі" бойынша үкім шығарды. 5 адам 4-8 жылға түрмеге кесілді. Сотталғандардың "әуежайды басып алуға әзірленген экстремистер"» дегенге сенбейтіндер көп. Азаттық қоғам белсенділерінен, құқық қорғаушы мен депутаттан үкім туралы сұрады.
Тағы