Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің туыстары президент әкімшілігіне барды. Айдос Мелдехан соттың ашықтығын талап етіп, іс деректерін жариялауды талап етті.
Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды "басып алды" деп 4-8 жылға сотталғандар кім? Олар дүрбелең кезінде әуежайға қалай тап болды? Прокурор іс бойынша қандай айғақтар келтірді?
13 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасына байланысты соттың алдын ала тыңдауы өтті. Сотқа Айкөркемнің әкесі мен әпкесін кіргізген жоқ. Сот қызметкері істе "мемлекеттік құпия барын" айтып, "процесс жабық өтеді" деді.
11 шілдеде Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу ісі" бойынша үкім шығарды. 5 адам 4-8 жылға түрмеге кесілді. Сотталғандардың "әуежайды басып алуға әзірленген экстремистер"» дегенге сенбейтіндер көп. Азаттық қоғам белсенділерінен, құқық қорғаушы мен депутаттан үкім туралы сұрады.
"Терроризмді насихаттады" деген айыппен 7 жылға сотталған астаналық суретші Дәурен Макин үкімді күшінде қалдырған апелляция сотының шешіміне келіспей, Жоғарғы сотқа жүгінбек. Қаңтардағы қантөгіске қатысты билікті сынаған суретші еркін ой-пікірі үшін қудалауға түскенін айтады.
11 шілдеде Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу ісі" бойынша үкім шығарды. Осы істе айыпталған төрт адам — 8 жылға, бір адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот олардың кінәсі "толық дәлелденгенін" айтты.
Қазақстан астанасының 25 жылдығы мен елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 83 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келді. Бұл күні бұрынғы президент аста-төк той үстінде жүрер еді, бірақ Қаңтар қырғынынан соң абыройынан да, атағынан да айырылып қалды
"Елде "Назарбаевтан арылу" жалғасып жатыр, бірақ Тоқаев экс-президент мұрасының түбегейлі күйреуіне әзірге жол бере алмайды". Алматыда тұратын британ журналисі Джоанна Лиллис осылай дейді. Азаттық 18 жылдан бері Батыс басылымдарына Қазақстан туралы жазып жүрген журналистен сұхбат алды.
Тағы