Азаттық Қаңтар құрбандарына арналған арнайы жобаны таныстырды. Қанды оқиғадан бері бес ай өтсе де, билік қаза болғандардың тізімін жарияламады. Азаттық 5-8 қаңтарда Қазақстанда оққа ұшқан немесе сол кезде алған жарақаттан қайтыс болғандар жайлы ақпарат-деректі жинап, шағын сайтқа топтастырды.