Human Rights Watch "Қазақстанда Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың өлімін тергеу ашық жүріп жатқан жоқ, ұсталғандарды азаптау жайлы іс материалдары баяу қаралып жатыр" деп мәлімдеді. HRW Қазақстан билігін Қаңтар оқиғасын тексеру үшін тәуелсіз орган құрып, халықаралық сарапшылар тартуға үндеді.