7 қаңтарда үйіне қайтып бара жатқанда оқ тиіп, көлікте жанып кеткен ерлі-зайыптының денесі 5 күннен соң жерленді. Марқұмдардың балалары абайсызда оққа ұшты дегенге күмәнмен қарайды.
Атыраудағы митингіге қатысқан Сергей Шутов кейін өзге адамдармен бірге қаладағы полиция бөлімінің "Динамо" спортзалында азапталғанын айтады. Шутов басынан кешкенін Минскідегі Окрестина көшесіндегі атышулы изолятордағы азаптауға теңейді. Атырау полициясы "Шутовтың сөзі расталмады" дейді.
Ақын Қайсар Қауымбек 10 қаңтар түнде достарымен үйде отырған жерінен арнайы жасақ қызметкерлері күшпен алып кетіп, полиция бөлімшесінде 10 сағаттан астам уақыт қамауда болғанын, құқық қорғау өкілдерінің үздіксіз ұрып-соққанын айтады.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Түркіменстанда Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қоғамдық бақылау күшейген: полиция топтасып тұрған адамдарды таратып, кей азаматтардың телефонын тексеріп, халықты интернетке үкіметке қарсы жазбалар жарияламауға шақырып жатыр.
Ресми ақпарат бойынша Қазақстанда қаңтардың алғашқы күні болған "террористік шабуылдан" соң 10 мыңдай адам ұсталды. Олардың қаншасы бейбіт митингіші, қаншасы тонаушы, «содыр» екені белгісіз. Өйткені, билік тізім жарияламады. Қарулы қақтығыстан қанша адам қаза тапқаны туралы да ресми дерек жоқ. Абақтыдағыларға туыстары мен адвокаттары кіре алмай отырғанын айтқан құқық қорғаушы «бұл – адам құқығын аяққа таптау» дейді.
2022 жылы Қазақстанда қаңтарда наразылық пен тәртіпсіздік қалай болды? Қаңтар оқиғасының хронологиясы.
2022 жылдың алғашқы күндері Шымкентте халықтың билікке талабын айтып, бейбіт басталған наразылық шеруі кейін тәртіпсіздік пен бейберекеттік, өртеу мен қиратуға ұласты. Әлдебір бұзақылар көліктерді өртеп,көліктерді өртеп, қиратты. Оқ атылып, қаза болғандар мен жараланғандар бар.
Қазақстанда қақтығыстар легі басылып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікті қолына алғанға ұқсайды. Енді нысанаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстары ілінетін көрінеді.
Тағы