Accessibility links

Бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болды


Ерұлан Жамаубаев парламентте журналистер сұрағына жауап беріп тұр. Астана, 20 сәуір, 2023 жыл.
Ерұлан Жамаубаев парламентте журналистер сұрағына жауап беріп тұр. Астана, 20 сәуір, 2023 жыл.

17 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұл жаңалықты Ақорда хабарлады.

Жамаубаев 2024 жылғы мамырдан бері Тоқаевтың кеңесшісі болған. 2020-2024 жылдары қаржы министрлігін басқарды, 2022-2024 жылдары премьер-министрдің орынбасары болып істеді. 2018-2019 жылдары Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған.

14 ақпанда президент Тоқаев Тамара Дүйсенованы премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатып, өзіне көмекші етіп тағайындады. 60 жастағы Дүйсенова вице-премьер лауазымын екі жылға жетер-жетпес уақыт атқарды.

Оның орнына үкімет жетекшісінің орынбасары болып 59 жастағы Ермек Көшербаев тағайындалды. Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының түлегі Көшербаев көп жыл Қазақстан сыртқы істер министрлігінде істеген. 2020 жылдан 2023 жылға дейін Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарды, оған дейін бір жыл сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Абай облысын жаңадан құрылған кезден – 2022 жылғы 11 маусымнан бері басқарған 59 жастағы Нұрлан Ұранхаев өткен аптаның аяғында облыс әкімі қызметінен босатылды.

Президент әкімшілігі ауыс-түйіс себептері туралы ештеңе айтпады. Кейінгі жылдары президент жоғары лауазымды үкімет шенеуніктерін орнынан босатқанда көпшілікке себебін түсіндірмейді, олардың кейбірі аз ғана уақыт қызмет атқарып үлгерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG