Accessibility links

Өзбекстанға былтыр шетелде қайтыс болған 483 еңбек мигранты жеткізілген, олар заңды түрде жұмыс істеген


Көрнекі фото.
Көрнекі фото.

2024 жылы Өзбекстанға шет елдерде заңды түрде жұмысқа орналасқан 483 еңбек мигранты табытпен оралды. Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, бұл туралы 17 қаңтарда Өзбекстан ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің министрлер кабинеті жанындағы көші-қон агенттігі басшылығы қатысқан баспасөз мәслихатында айтылған.

Көші-қон агенттігінің мәліметінше, қайтыс болғандардың көбі Ресейде (474) жұмыс істеген. Түркиядан – 5, Оңтүстік Корея мен Қазақстаннан төрт адамның сүйегі жеткізілген.

Агенттік басқармасының басшысы Нигора Исроилованың айтуынша, марқұмдарды жеткізу шығынын мемлекеттік бюджет есебінен жапқан. Мұндай қызмет бағасы әр елде әртүрлі: 1000 доллардан (Ресей) бастап, 4000-5000 (Ұлыбритания) және 9000 доллар (Оңтүстік Корея, Жапония) аралығында.

Агенттік былтыр шетелде қиын жағдайға тап болған 775 ел азаматы мен ауыр жараланған 182 адамды Өзбекстанға қайтарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG