Accessibility links

Ресейдің Курск облысында дрон шабуылынан бес адам қаза тапқан


29 маусымға қараған түні Ресейдің Курск облысындағы тұрғын үйге әуеден дрон шабуыл жасады, салдарынан бес адам қаза тауып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Қаза тапқандардың екеуі – бала. Мұндай ақпаратты Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов хабарлады.

Оның айтуынша, украин дроны Городище ауылындағы үйге түскен. Опат болғандар мен зардап шеккендер – бір отбасының мүшелері дейді Смирнов.

Ресей қорғаныс министрлігі Курск облысының әуе кеңістігінде дрондар жойылғаны жөнінде ештеңе хабарламаған. Министрлік сенбіге қараған түні Тверь облысы мен Ресей аннексиялап алған Қырымда екі-екіден, Белгород және Брянск облыстарында әуеден бір-бір дронан атып түсірілді деп жазды.

  • Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс бастағалы бері екі жақта дрондарды жиі қолданады. Кейінгі жылы Ресей аймақтарына дрон шабуылдары үнемі жасалады. Ресей қорғаныс министрлігі украиналық шабуылдарға «тойтарыс» берілгені және Ресейдің әуе кеңістігінен ракеталар мен дрондар атып түсірілгені жөнінде есеп беріп отырады. Киев көбіне ондай ақпараттарға байланысты түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG