Accessibility links

Қырғызстанда мерт болған қазақстандық балалардың мәйіті Өскеменге жеткізілді


Kazakhstan -- The bodies of the victims were transported by special plane to Ust-Kamenogorsk
Kazakhstan -- The bodies of the victims were transported by special plane to Ust-Kamenogorsk

Қырғызстанда мерт болған төрт баланың денесі арнайы бортпен Өскеменге жеткізілді. Бұл туралы дүйсенбі күні Шығыс Қазақстан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін қаза тапқандардың денесін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды" делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар мен "Халифа Алтай" мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алған. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін білдірген.

Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан тоғыз адам мерт болған. Олардың төртеуі – қазақстандық балалар. Екі қыз және ек ұл. Олар туыстарына қонаққа барған.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат) ауданындағы апат 28 маусым күні түстен кейін болған. Қаза тапқандардың алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Науқат ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG