Accessibility links

Украинаның Харьков қаласында Ресей шабуылынан бір адам қаза тауып, оншақты адам жапа шекті


Харьковтегі әуе соққысы жасалған "Новая почта" бөлімшесі. Харьков. 30 маусым. 2024 жыл.
Харьковтегі әуе соққысы жасалған "Новая почта" бөлімшесі. Харьков. 30 маусым. 2024 жыл.

Харьковте жексенбі түнде болған әуе соққысынан бір адам көз жұмды. Жараланғандар арасында сегіз айлық нәресте бар. Бұл жайлы жергілікті билік хабарлап отыр.

Харьков мэры Игорь Тереховтың мәліметінше, Ресей әскерінің әуе бомбасы азаматтық мекемеге түскен. Салдарынан өрт шыққан. Оншақты адам зардап шеккен.

Соққының астында "Новая почта" компаниясының терминалы қалған. Пошта таситын жеті жүк көлігі өртенген. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, пошта бөлімшесінің қызметкерлері соққы кезінде бомбадан жасырынатын жерге тығылып, аман қалған. Дегенмен жүргізушілер арасында зардап шеккендер бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG