Accessibility links

Днепрге зымыран құлап, жеті адам зардап шекті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Днепрде 1 шілдеге қараған түні Ресейдің ракеталық соққысынан жеті адам жараланған. Оның ішінде 15 жастағы жасөспірім бар. Бір адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Днепропетровск облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысак хабарлады.

Ресей баллистикалық зымырандары тұрғын үйлер маңындағы дүкенге тиген. "Көп қабатты және жер үйлердің терезелері мен шатыры қираған" дейді Лысак өз телеграм-арнасында.

Жергілікті телеграм-арналар түнде Днепрде кемі екі жарылыстың дауысы естілгенін хабарлаған.

Лысак та, 30 маусым кешке ресейлік әскерилер Никополь, Марганец және Мировский елдімекендерін дронмен шабуылдап, артиллериядан оқ жаудырғанын айтты.

"Бес үй, қора-қопсығы бірге, электр желісі мен газ құбыры қираған. Бидай алқабы өртенген. Өрт сөндірілгенімен екі гектарға жуық жер күйіп кеткен" деп жазады Лысак.

Киев облысында жексенбідегі шабуылдан үш адам зардап шеккені жайлы жергілікті облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Руслан Кравченко айтты.

Бұдан бөлек, Киевтің Оболонск ауданында зымыран бөлшектері құлап, көпқабатты үйде өрт шыққаны хабарланған. Донецк облысы басшылары жексенбі кешке Ресей әскері Цукурино ауылын шабуылдағанын хабарлады. Алты адам жараланып, 21 үй мен көліктер зардап шеккен.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл шабуылдарға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG