Accessibility links

Қырғызстандағы тасқын: бес адам қаза тауып, екеуі хабар-ошарсыз кетті


Қырғызстанның Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат) ауданындағы тасқын салдары.
Қырғызстанның Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат) ауданындағы тасқын салдары.

28 маусымда Қырғызстанның Ош облысындағы тасқын салдарынан бес адам қаза тапқан. Тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткен. Қалың жаңбырдың аяғы тасқынға ұласқан.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі лай-топырақ көшкіні жүрген Науқат (қырғызша Ноокат) ауданында төтенше жағдай режимі жарияланғанын хабарлады. Министрлік дерегінше, өңірде күрделі жағдай қалыптасқан.

Абшыр-Ата ауылында тасқын екі көпірді бұзып кеткен, 10 жеке үйдің ауласы суда қалған.

Тескей-Қожеке ауылында он шақты жеке үй мен білім беру мекемесінің аулаларын су басқан. Қарабұлақ ауылында тасыған су өзен жағасында тұрған автокөлікті ағызып әкеткен.

ТЖМ іздеу және тазарту жұмыстарына 637 адам мен 19 техника жұмылдырылды деп хабарлады.

Өткен аптада Қырғызстанның Баткен облысында тасқын бес жасар баланы мерт қылды. Ал 17 маусымда Жалал-Абад облысында 10 жасар бала табиғи апаттан көз жұмды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG