Сонымен, осы қалада қазір екі-ақ түрлі xалық қалдық. Бірі - аты-жөні белгісіз, бізге қарап аузын ашқан қалың көпшілік... Сосын, жердің құты, елдің қаймағы, өмірдің қызығы мен шырайы - мына біздер...
Ақ тұлпар маған былай деп аян берді... Егер сіз өле қалсаңыз... яғни, алда-жалда, өлуге шешім жасай қалсаңыз, менің тұлыбыма сіздің ескерткішіңізді мінгізеді екен...
Барлық бояудың әдеті сол - өзіне ұқсағанды жақсы көреді. Әйтпесе, бұлар, жалпы, бір-бірін ұната бермейді. Оларда өзінен басқа, не көмескірек түстерді мойындай қоймайтын қажетсіз, ұсақ тәкаппарлық бар.
Ертең басқа біреу озады... Науқан мен дүрмек - өтеді. Сен озса да, озбаса да, жеңсе де, жеңілсе де, көшіп кетпей, мәңгі орнында қалатын еліңнің олқысын ойлап қайғыр, алдымен!
Өтірік пен Шын осылай мәміле тапты. Шын сөздің өтірікке қисын болған заманы туды. Бұрынғы кенеусіз Өтіріктің бүгінгі қисынды сөзіне ел жаппай ұйыды. Дүниеге "Өтіріктің өзіне сенбе, қисынына сен" деген мәтел келді...
Маймылдан адам жасауға болатынын дәлелдемекке, жұмысты тастап, бірыңғай тәрбиешілікке көштім...
Жалпы, бастықты мақтау үшін, оны жақсы көру шарт емес. Мақтай-мақтай, күндердің күні, өзің-ақ жақсы көріп кетесің...
Boxoffice агенттігінің хабарлауынша, Саша Барон Коэннің «Диктатор» фильмі бір аптаның ішінде Солтүстік Америка аймағында 17 миллион 400 мың АҚШ долларын жинаған. Ал бұл картина қазір Қазақстан кинотеатрларында күніне 3-4 сеанстан көрсетіліп жатыр. Прокатка шыққалы «Диктатор» «сұранысқа ие фильмдердің» бестігіне енген.
– Біздің, бұрынғы Совет Одағындағы елдердің, тарап кеткеніміз Еуропадағы өндірушілерге көп көмек болды. Бері қарай киімі де, цитрусы да, шарабы да келді. Бұл – зор байлық. Біз оларды байыттық. Олар рахмет айтуы керек, – деді президент Назарбаев. – Айтпайды, айтпайды. Айта қоймас, – деді «Россия 24» телеарнасының журналисі. – Айтпайды. Біздің арқамызда тып-тыныш байып алды, – деді президент Назарбаев.
- Республиканың гүлденуі тек біздің ұлы президентімізді қайтадан сайлауға, ТЕК ОНЫ ҒАНА ҚАЙТАДАН САЙЛАУҒА тәуелді. Заманымыздың ең ұлы мемлекет қайраткері, тарих кейін оны «Ұлылардың ұлысы», «Ғұламалардың ғұламасы», «Азаттықтың жоқшысы», «Ойшыл», «Демократ» деп атайтын адам басқарып келе жатқан мемлекет деген кемені қауіпке душар етудің не керегі бар?
– Бұрыш-бұрышқа сағыз лақтырушыдан бастап ұстап, тіркеуге алып, саусағының таңбасын түсіріп, келесі рет істейтін болса жауапқа тартылатындай етіп, хаттама толтыру керек. Алдымен, әрине, ескерту. Әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салып, одан болмаса үш күнге жауып дегендей, – деді президент Назарбаев
Тағы