Еуропарламент ЕО мен Пекин арасындағы инвестициялық келісімді тоқтату туралы резолюцияны қолдап, дауыс берді. Еуроодаққа мүше елдер Қытаймен қарым-қатынасын Еуропарламенттің шешіміне қарай бейімдеуге тырысып жатыр.
"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің биыл маусымда өтетін саммиті қарсаңында батыстағы демократиялы мемлекеттер Пекиннің ірі инфрақұрылым жобасына тойтарыс берудің амалын іздеп жатыр.
Шанхайлық Фудан университеті Будапештен филиал ашпақ. Іске асса, бұл Еуроодақ жеріндегі алғашқы қытай университеті болмақ. Жоба Батыс елдерін алаңдатып отыр.
Пекин Ауғанстандағы ықпалын күшейтуге қамданып жатыр, бірақ елде аласапыран басталып кетсе, оған белшеден батқысы жоқ.
Қытай мен одан қарыз алған елдер арасында жасалған 100 келісімшартқа жүргізілген зерттеу әлемдегі ең ірі несие беруші мемлекеттің құпия баптары бар шартпен берілетін кредитті өз саяси және экономикалық мақсатына қалай пайдаланатынын көрсетті.
АҚШ cенаты жақында Энтони Блинкенді мемлекеттік хатшы қызметіне бекітті. 58 жастағы Блинкен Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетін "геноцид" деп бағалау туралы пікірге қосылатынын айтты. Азаттық сарапшылар мен құқық қорғаушылардан АҚШ-тың Қытаймен саясаты қалай өзгеруі мүмкін екенін сұрады.
Қытай саясатының Орталық Азия мен Таяу Шығысқа әсерін зерттеп жүрген Тристан Кендердайн Азаттыққа сұхбатында Қазақстанның Шыңжаңнан қашып келген қазақтарға босқын мәртебесін беру себебі, Қазақстан-Қытай қатынасының болашағы және қос елдің этникалық саясатындағы айырмашылықтар туралы айтты.
Антрополог, Орталық Азия бойынша сарапшы Шон Робертс 30 жылдан бері ұйғырларды зерттеумен айналысады. Жақында "Ұйғырларға қарсы соғыс. Қытайдың Шыңжаң мұсылмандарына қарсы науқаны" деген кітабы жарық көрген сарапшы Азаттыққа сұхбатында Қытайдағы түркі тілдес этностардың тағдыры туралы айтты.
АҚШ ғалымдары жаңа зерттеуінде Орталық Азияда наразылықтың күшейгенін айтады. Бұған басты себеп – коронавирус пандемиясының өршуі және Қытай ықпалының артуы.
"Императордың жаңа жолы" деп аталған жаңа кітап Пекиннің "Бір белдеу – бір жол" жобасы жергілікті жерде нақты қалай жүзеге асып жатқанын саралайды. Америкалық сарапшы Джонатан Хиллман бұл жоба кей ел үкіметтерінің оң жамбасына келгенін, ал кей халықтың Қытайдан секемденуіне түрткі болғанын жазады.
Тағы