Accessibility links

АҚШ әскерінің кетуі Қытайдың Ауғанстандағы саясатына қалай әсер етеді?


Ауғанстан қауіпсіздік қызметі өкілдері жарылыс болған жерде жүр. Кабыл, Ауғанстан, 20 желтоқсан 2020 жыл.
Ауғанстан қауіпсіздік қызметі өкілдері жарылыс болған жерде жүр. Кабыл, Ауғанстан, 20 желтоқсан 2020 жыл.

Пекин Ауғанстандағы ықпалын күшейтуге қамданып жатыр, бірақ елде аласапыран басталып кетсе, оған белшеден батқысы жоқ.

Былтыр желтоқсанда Ауғанстан қауіпсіздік күштері Кабулда әрекет еткен және елдегі террор топтарға кіруді көздеген "қытай тыңшыларын" әшкерелеген.

Ауғанстан үкіметі олардың тұтқындалғанынан басқа ештеңе айтпады. Ал Пекин ол топ жайлы ештеңе білмейтінін мәлімдеді.

Кейінірек Ауғанстан ресми өкілдері журналистерге тыңшылар тобының елде жеті жыл бойы жұмыс істегенін және Ауғанстанда әрекет ететін ұйғыр топтарын аңду үшін "Хаккани тобынан" көмек сұрағанын хабарлады. "Хаккани тобы" – "Талибан" қозғалысымен байланысы бар, Пәкістан қолдайтын исламшыл топ.

Бұл оқиға Пекиннің Ауғанстанда санқырлы саяси және экономикалық мүддесі барын көрсетеді. АҚШ президенті Джо Байденнің шешімінен кейін АҚШ пен НАТО-ға мүше басқа да елдер 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерін әкетпек.

– Қытай Ауғанстанда болуы мүмкін және [өз еліндегі] қауіпсіздікке үлкен қатер төндіруі ықтимал тұрақсыздықтан қорқақтайды. Бірақ біз бұрын Ауғанстанға қатысты саясатында аяғын санап басқан Қытайдың белсендірек [бола түскенін] көріп отырмыз, – деді Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің бұрынғы баспасөз хатшысы, қазір BAWAR қозғалысын басқаратын Нажиб Азад Азаттыққа.

Бетіне маска тағып, Иранмен шекараны күзетіп жүрген пәкістандық сарбаздар. Тафтан, 25 ақпан 2020 жыл.
Бетіне маска тағып, Иранмен шекараны күзетіп жүрген пәкістандық сарбаздар. Тафтан, 25 ақпан 2020 жыл.

Пекиннің Ауғанстандағы мүддесі негізінен соғыс титықтатқан елде саяси тұрақтылық қалыптастырып, асқынып тұрған зорлық-зомблықты азайтуды көздейді. Бірақ АҚШ-тың 11 қыркүйекте болған террор шабуылдың 20 жылдығы қарсаңында Ауғанстаннан әскерін шығаруы осы екі мақсатқа да қауіп төндіріп тұр.

Ауғанстанмен бар болғаны 76 шақырым шекарасы бар Қытай тұрақсыз көршісімен байсалды қатынас орнатқысы келеді. Бірақ кейінгі жылдары Пекиннің бұл елдегі ықпалы азая түскендіктен, бұл процесс баяу жүріп жатты.

Былтыр жыл соңында тыңшылар тобының әшкере болуы Шыңжаңдағы мұсылмандарды қуғын-сүргінге салған Пекиннің саясатына ашу-ызасы кернеген ұйғыр радикалдары мен басқа да топтардың Ауғанстанды паналап, трансшекаралық бүлік шығара ма деп Қытайдың алаңдап отырғанын көрсетеді.

Елдегі жағдайдың шырқын бұзбай, қауіпсіздікті нығайту Қытай Ауғанстанмен шекарасы маңында бригада дайындап, жаттығу өткізді. Бұған қоса Ауғанстандағы ұйғырлардың ізін аңдып, олар жайлы ақпарат жинау үшін Тәжікстанда әскери бекет орнатты.

Пекин дипломатиялық іс-әрекетін белсендірек жүргізуге көшті: "Талибан" қозғалысы мен ауған үкіметі өкілдерінің кездесуін ұйымдастырып, тәліп лидерлерін қабылдады.

Қытай екі тарап арасындағы саяси бітім процесін қолдайтынын 25 сәуірде тағы да мәлімдеді. Қытайдың Ауғанстандағы елшісі Ван Ю журналистерге бейбіт процесс "аса маңызды кезеңде" тұрғанын және Пекиннің осы елде тұрақтылық орнатуға бейіл екенін айтты.

– Қытайды негізінен қауіпсіздік мәселесі, әсіресе, өз қауіпсіздігі алаңдатып отыр. Пекин АҚШ-тың Ауғанстандағы орнын басуға мүдделі емес. Бірақ жақында үлкен дүрбелең басталары анық және бұған байланысты [Қытайдың] бірнеше ыңғайсыз варианттан басқа амалы болмай отыр, – деді Лондондағы Шығыс және Африка елдерін зерттеу мектебінің ғылыми қызметкері Айша Сиддика Азаттыққа.

ҚЫТАЙ МҮДДЕСІ

Басында Пекинің миллиондаған қаржы тұратын "Бір белдеу – бір жол" жобасында қытай саясаткерлері "қауіпсіздігі тұрақсыз" деп бағалаған Ауғанстан жоқ еді.

Бірақ Пекин Қытай-Пәкістан экономикалық дәліз жобасына (CPEC) Ауғанстанды қосу туралы шешім қабылдағанда, жағдай өзгерді. Бұл жоба – Пәкістандағы 62 млрд доллар тұратын инвестициялық жобалар пакеті.

Сонымен қатар Қытай Ауғанстанның минералды байлығына да қызықты. Қытай компаниялары мыс пен мұнай барлауға миллиартаған доллар инвестиция салатынын хабарлады.

Ауғанстанда пайдалы қазбалар қоры көп. Бірақ 2001 жылы "Талибан" қозғалысы режимі құлағаннан кейн бұл сектор соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтірудің негізгі көзі ретінде қарастырылды және Кабул басшылары қазір де солай қарастырып келеді. Бірақ ірі тау-кен өндіру компаниялары соғыс болып жатқан елге келуден қорқады.

Ауғанстан сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани, Қытай сыртқы істер министрі Ван И және Пәкістан сыртқы істер министрі Хаваджа Асиф бірлескен баспасөз мәслихатында суретке түсіп тұр. Пекин, 26 желтоқсан 2017 жыл.
Ауғанстан сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани, Қытай сыртқы істер министрі Ван И және Пәкістан сыртқы істер министрі Хаваджа Асиф бірлескен баспасөз мәслихатында суретке түсіп тұр. Пекин, 26 желтоқсан 2017 жыл.

2008 жылы Қытай мемлекеттік металлургия корпорациясы (Metallurgical Group Corporation) Кабулдың оңтүстігіндегі Мес Айнак мыс кен орнын 3 млрд долларға 30 жылға жалға алды. Бұдан бөлек солтүстікте мұнай және газ блоктары да бар.

Бірақ бұл жобалар қауіпсіздік проблемалары үшін тоқтатылды және кен орнының пайдаланылмай, бос тұруы Пекин мен Кабул арасында шиеленіс туғызды.

"[Бұл] Қытайдың Ауғанстанның қазба байлығы туралы ұмытып кеткенін білдірмейді. [Пекин] оның жақын арада ешқайда кетпейтінін біледі", деді IMF пен БҰҰ-дағы Ауғанстан бойынша тәуелсіз сарапшы және бұрынғы кеңесші Торек Фархади.

Инвестиция мен қауіпсіздік саласындағы өз мүддесін қорғаумен бетпе-бет келген Қытай қиын таңдау жасауы керек. Себебі ол Ауғанстаннан АҚШ әскерінің кететініне дайындалып жатыр.

Лондон бірлескен қызмет Патшалық институтының бас ғылыми қызметкері Раффаэлло Пантуччи Пекин елдегі ықпалын арттыруға тырысатынын, бірақ әлі де Ауғанстандағы дүрбелеңге араласуға келгенде ақырын жүріп, анық басатынын айтады. Қытай саясаткерлері жақын арада тұрақтылық орнамайды деп санайды.

– Көбінің пікірі Ауғанстан елдің кесірінен туындаған проблемаларға сай емес екеніне саяды. Егер жағдай тынышталмаса, Пекин елдің проблемаларынан бойын алыс ұстауға тырысады, – деді Пантуччи Азаттыққа.

Пантуччи Қытай қаласын, қаламасын, Ауғанстанның болашағына араласуға мәжбүр болатынын айтады.

– Қазіргі әлемдегі Қытайдың орны 20 жыл бұрын Ауанстанда соғыс басталған кездегіден өзгеше болуы – проблема. Бұл оның артқы алаңда маңызды тарапқа айналуы керегін білдіреді. Олар проблемаға араласуға мәжбүр болуы мүмкін, – деді ол.

ИРАН МЕН ПӘКІСТАН ҚЫТАЙ САЯСАТЫНА ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?

АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуы басқа державаларға, әсіресе, Пәкістан мен Иранға елдегі ықпалын арттыруға мүмкіндік береді. Тегеран Ауғанстаннан шетел әскерінің кетуін бұрыннан қолдайды. Исламабад көршісімен байланыс орнатуда басым рөлге ие, ал оның барлау қызметі "Талибан" қозғалысы басшыларымен тығыз байланыс орнатқан.

Қытай үшін бұл мүмкіндік те береді, қауіп те туғызады. Пекин Иранмен де, Пәкістанмен де тығыз байланыс орнақтан. Бірақ бұл байланыс Ауғанстанға қатысты мүдделер қақтығысын туғызды.

Ауғанстанда Пәкістанның тыңшысы мен делдалы көп. Қытаймен жақын байланысына қарамастан, Исламабад тәуелсіз саясат жүргізеді. Ол АҚШ-пен де, "Талибан" жетекшілерімен де байланыс орнатқан.

Сиддиканың сөзіше, Тегеран Исламабадқа қарағанда, Ауғанстандағы қытай әріптестерімен жұмыс істеуге қуана келісуі мүмкін. Пәкістан қытай шенеунтернің көтерілісшілермен жұмыс істейтініне және мемлекетте өз базасын дамытып жатқанына күмәнмен қарайды. Бұл Пекинді Ауғанстанда абайлап әрекет етуге итермелейді.

– Бұл Қытайдың Пәкістанға сенімсіз екенін білдіреді. [Иран және Пәкістанмен] байланыс қалай дамитынына байланысты Қытай Ауғанстанда аяғының ұшымен жүреді, – дейді Айша Сиддика.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG