Көші-қон комитеті дайындаған тұжырымдамада Қазақстанға қоныс аударғысы келетін шетелдегі қазақтарға "қандас" мәртебесін көшпей тұрып беру көзделген. Шенеуніктер азаматтық беру тәртібін қатаңдатқан жөн дейді. Қандастар мәселесімен айналысатын белсенділер мұнымен келіспейді.
Түркіменстаннан Қазақстанға жеткен 800-дей қандастың тек 44-і ғана Маңғыстауда қалады. Өзгесін Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қостанай облыстарына жөнелтіп жатыр. Маңғыстаудағы жақындарының қасында қалғысы келгендерге рұқсат жоқ, тіпті Түркіменстанға "депортациялауы мүмкін".
Атамекенге көшіп келіп, Қазақстан азаматтығына ие болған қазақтар Қытайда алған неке куәлігін растату машақаты кесірінен сатып алған үй, жерін заңдастыра алмай жүргенін айтады. Шарасыз күйге тап болған қандастардың кейбірі жұбайынан ажырасып, қайта некеге отыруға мәжбүр болған.
"Талибан" Ауғанстанды басып алған соң елдегі әйелдердің уайымы көбейді. Тәліптер 1996-2001 жылдары билікте болғанда әйелдердің білім алуына, жұмыс істеуіне, көшеге шығуына тыйым салып, пәренжі киюге мәжбүрлеген. Сол кезде Ауғанстанда өмір сүрген, қазір Қазақстанда тұратын қазақ әйелдердің әңгімесі.
Қытайдан атамекенге қоныс аударған қазақтардың кейбіріне зейнетақы рәсімдеу, туу туралы куәлік алу машақатқа айналды. Олар Қазақстан билігі "құжатыңды Қытай растасын" деген талап қойғанын айтады. Қытай консулдығы бұл мәселеге байланысты сауалға жауап бермейді.
Кейінгі жылдары Қазақстанға Қытайдан көшіп келетін қазақтардың саны азайып кеткен. Сарапшылар мұны Пекиннің Шыңжаңдағы мұсылмандарға көрсетіп жатқан қысымымен және Қазақстандағы заңның өзгеруімен байланыстырады.
Жақында Қазақстан билігі "Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қысымнан қашып, шекараны заңсыз кесіп өттік" деген төрт этникалық қазаққа бір жылға босқын мәртебесін берді. Олар үшін бұл қуанышты жаңалық болды. Әрі қарай не болмақ?
Атамекенге оралған этникалық қазақтарға азаматтық беруді жеңілдететін заңның қабылданғанына бес айдан асса да, шеттен келгендер оны рәсімдеудің әуре-сарсаңы көп екенін айтады. Көші-қон комитеті "бір терезе" қағидаты бойынша "қандастар" қызметін көрсету жаңа жылдан бастап жолға қойылады дейді.
Тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен беру заңда қарастырылса да, жылдар бойы оған қолы жетпей жүргендер аз емес. Көші-қон мекемесі бұл жайлы сауалға жауап беруге құлықсыз. Заңгер оралмандарға құжат өткізгені туралы анықтама алуды ұмытпауға кеңес береді.
Қазақстанға Ауғанстан мен Сауд Арабиясынан көшіп келген ондаған этникалық қазақ ықтияр хат я оралман мәртебесін ала алмай жүр. Билік олардан сотталмағаны жайлы құжат, қазақ екеніне дәлел сұрайды.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде табыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік көмектен атамекеніне оралған қазақтардың бір бөлігі құралақан қалды. Олар билік талап еткен ықтиярхатты жергілікті шенеуніктердің қырсыздығынан айлап ала алмай жүргенін айтады.
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелден тарихи отанына оралғандарды "оралман" деп атауды алып тастап, орнына "қандас" сөзін қолдануды ұсынды. Мұны қолдайтындар да, қарсы пікір айтушылар да бар.
Тағы