Оралмандар азаматтық алғанға дейін тұрақты тіркеуге тұру үшін келген елдерінде сотталмағанын айғақтайтын анықтама өткізуі керек. Алайда кейбір өңірлерде онымен іс бітпейді.
Тіркеу төңірегіндегі заң өзгерістері мен көші-қон комитетінің қайта құрылуы оралмандарға қалай әсер етеді? AzattyqLIVE тақырыпты қоғам белсендісі Рақым Айыпұлымен талқылады.
Қазақстанда президент қаулысымен көші-қон қызметі комитеті ішкі істер министрлігі құрамында қайта құрылып, алдағы бес жылға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленетін болды. AzattyqLIVE сауалдарына қоғам белсендісі Ауыт Мұқибек жауап берді.
Зияволхақ Абдул Джалил - Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқып жүрген ауғанстандық қазақ. Ол Азаттыққа Ауғанстан қазақтарының тұрмыс-тіршілігі туралы айтып берді.
Қазақ ССР Министрлер кеңесі 1991 жылы қарашаның 18-і күні «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ ССР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» деп аталған №711 қаулы шығарған екен.
Маңғыстаудағы оралмандар әкімдік берген үйлердің сапасына наразы болып, құнын төмендетуді талап етті. Аудан әкімдігі қарызын төлемеген адамдарға үйді босату туралы ескерту тарата бастады.
Солтүстік Қазақстанда Өзбекстаннан көшкен оралмандар саны көбейе түскен. Олар суық өлкенің ауа-райына да, кәсібіне де бой үйретіп алғандарын айтады.
Азаттық тілшілері «күйеуі сотталып, алты баласымен өлместің күнін көріп жүргенін» айтып хабарласқан, Өзбекстаннан көшіп келген келіншектің басындағы ахуалды көріп қайтты. Патриархалдық қоғамда әлеуметтік әділет іздеген жас әйелдің жанайқайы көптеген мәселені қатар қозғайды.
Теміртауда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы инклюзивтік топ ашылды. Онда мүгедек және дені сау балаларды бірге оқытпақ. Бірақ бір реттік қаржылық көмек небәрі сегіз айға ғана жетеді.
Оралмандар қоныстанатын өңірлер туралы үкімет қаулысы негізінде былтыр көшіп келген кей адамдар әлі жәрдем ала алмай жүр. Ал көші-қон комитеті мәселені «жергілікті билік шешуі тиіс» дейді.
Сергелдеңге түскен маңғыстаулық оралмандар туралы Азаттықта жарияланған мақаладан соң облыстық әкімдік 150-ден астам оралманның Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргенін растады.
Маңғыстау облысы әкімінің жылдық кезекті есеп беру жиналысына келген оралмандар өздеріне қатысты сауалға әкімнің орынбасары орысша жауап бергенде залдан шығып кетті.
Тағы