Қазақстан Париж олимпиада ойындарын бір алтын, үш күміс, және үш қола жүлдемен жалпы есепте 43-орында аяқтады. Қазақстанның Токио олимпиадасымен салыстырғанда нәтижесі жақсарса да, Париждегі көрсеткішке қатысты сұрақ көп.
1 тамызда Париж олимпиадасында Қазақстан екі боксшысы жеңіліп қалған соң нәтижеге күмән келтіріп, төрешілердің шешіміне шағымданды. Қазақстан қай жекпе-жектің нәтижесімен келіспейді? Халықаралық олимпиада комитеті төрешілер шешімін өзгерте ме?
Кейбір спорт сарапшылары биылғы Париж олимпиадасында Орталық Азия елдері Токио мен Рио додасындағы нәтижесінен артық жетістікке жетеді деп ойлаған да жоқ. Бірақ Өзбекстан мен Қазақстан Парижде алғашқы алтын медалін алып, өңір спортшылары өз мықтылығын көрсетті.
Париж олимпиадасында Қазақстанның үш боксшысы бірінші айналымда бәсекесінен жеңіліп қалды. Боксшылар рингте барын салғанын айтады. Ал сарапшылар боксшылардың физикалық дайындығын сынға алды.
Париж олимпиадасында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде қола медаль алды. Бұл жүлдеге апарар жолда ол мықты дзюдошыларды қапы қалдырды. Биыл бірде-бір жарыста жүлде алмаған дзюдошы карьерасын аяқтар шақта олимпиада жүлдегері атанды. Ғұсманның олимпиада медаліне дейінгі жолына үңіліп көрелік.
Нысана көздеуден қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық мылтықпен он метрден атуда аралас командалық жарыста Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Олар үшінші орынға таласта Германия командасынан бас түсті. Париж, 27 шілде 2024 жыл.
Тағы