Осы аптада халықаралық басылымдар коронавирус індеті кесірінен экономикасы тұралалған Орталық Азия елдерінің болашағына болжам жасайды. Бұған қоса шетел ақпарат құралдары жер туралы жаңа заң жобасының артында тұрған терең әлеуметтік-экономикалық мәселелерге де назар аударады.
Осы аптада халықаралық БАҚ Қытайдың Орталық Азияға жекеменшік әскери құрылымдар жіберу мүмкіндігін саралады. Түрлі сарапшылардың талдауына сүйенген шетел басылымдары Қазақстанды "саяси тұрақсыздық болуы мүмкін" елдер қатарына қосты және елдегі заң үстемдігі тым әлсіз деген қорытынды жасады.
Британ басылымы тұтас бір стадионға өз есімін бергізген Үндістан премьерін мысалға келтіріп, мұны "феодалдық және диктаторлық режимдердің" ісі деп атады. Ал америкалық ақпарат құралы Қазақстандағы "мызғымас автократияға" назар аударып, елде Назарбаев ықпалы әлі де күшті деген болжам жасады.
Батыс басылымдары Қытаймен қарым-қатынасы күрделі Түркия мен Қазақстанның саясаты өзгеруі мүмкін деп жазды. Шыңжаңдағы қуғын-сүргіннен қашқан азаматтар экономикалық мүдде өңірдегі түркітілдес мұсылман халықтарын қорғау ниетінен басым түсуі мүмкін деп алаңдайды.
Осы аптада батыс баспасөзі қазақстандық Tengri Bank миноритар банкінің жабылуы, Қазақстанның мұнай-газ саласынан кеткен инвестордың активтері кімнің қолына өткенін талдаған.
Ресей коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының көмегімен Орталық Азияға ықпалын қайта арттыруға талпынып жатыр. Ал Қытай жобасы аймақ экологиясына үлкен зардабын тигізуі ықтимал. Өзбекстан өңірдегі басты интеграциялық күшке айналуы мүмкін. Осы аптада шетел басылымдары не жазды?
Осы аптада шетел басылымдары Қазақстанда президент ауысқалы қалыптасқан иллюзияларды әшкерелеген парламент сайлауының қыр-сырын талдады. Бұған қоса әлемнің ақпарат құралдары автократ басшылардың зәулім сарай салуға құмартуының сырын іздеді.
Тағы