Батыс баспасөзінде Қазақстан сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауы қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуі мүмкін деп мәлімдеген сұхбатына қатысты комментарийлер берілген. Бұған қоса, коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакқа ішінде қазақстандық күйеубаласы да тарту еткен қымбат "сыйлықтар" туралы жазған.