Халықаралық басылымдар нәтижесі «күнібұрын белгілі» алдағы кезектен тыс парламент сайлауын талдап, «100 қадам» бағдарламасының іске асатынына күмән келтіреді.
Батыс баспасөзі «Қазақ арманы» идеясы көп ұзамай құрдымға кетуі мүмкін деген болжам жасап, қаржылай көмек кімге берілетінін және Қазақ хандығы жайлы жаңа тарихи сериалды талдаған.
Батыс баспасөзі Қазақстан валютасы мен әлемдік мұнай бағасы жаңа қарқынмен құлдырағаны туралы жазыпты. Азаматтық белсенділер постсоветтік елдердегі цирк-дельфинарийлерге тыйым салуды ұсынады.
Қазақстан ұлттық банкі өкілі Берік Өтемұраттың батыс баспасөзіне сұхбаты дүрбелең әкелді. Ұлттық қордың жағдайы жайлы пессимистік мәлімдемесінен соң ол қызметінен алынды.
Ағылшын басылымдары Тони Блэр компанияларының кірісі молайып, бұрынғы премьерлерге британ елшіліктерін жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынғаны және жихадшылар жөнінде Блэрге айтылған ескерту жайлы жазған.
Батыс баспасөзі қытай диссиденті Пу Чжицянның соты, Қытайдағы ең ірі мұнай өңдеу компаниясы және мұнай бағасы соңғы 11 жылда ең төменгі деңгейден түсіп кеткенін талқылап жатыр.
Батыс баспасөзі Рахат Әлиевтің қазасына қатысты істі қараған судья Мария Шергубельдің ұйғарымын талқылап, Қазақстан теңгесін «әлемде биыл ең нашар күйге түскен валюта» деп атаған.
Қазақстан Иранның ядролық отын қоры сақталатын орынға айналуы мүмкін, ал Каспий теңізіндегі мұнай платформасында шыққан өрт оффшорлық мұнай өнеркәсібі беделіне нұқсан келтіруі ықтимал.
«Қазақтелеком» компаниясының жаңадан «ұлттық қауіпсіздік сертификатын» енгізетіні туралы хабарды батыс баспасөзі интернетке бақылауды күшейту деп қабылдады.
Батыс баспасөзі Каспий теңізінде жаңа әскери тәртіп орнау мүмкіндігі мен Ресей-Түркия жанжалындағы «сириялық түркімендердің» рөлін талқылайды.
Батыс баспасөзі Назарбаевтың мемлекеттік қызметкерді 63 жастан зейнетке шығуға шақырғанын жазды. Әлемді шарлап жүрген шетелдік саяхатшының Ақтөбеде сапарын үзгені де назарға ілінген.
Ресей Арктикадағы позициясын нығайтып жатқанда, Еуропаға «солтүстік маршрутпен» келетіндер, яғни Арктика арқылы Норвегияға өтуге тырысқан босқындар саны артып барады.
Тағы