Батыс баспасөзі Назарбаевтың мемлекеттік қызметкерді 63 жастан зейнетке шығуға шақырғанын жазды. Әлемді шарлап жүрген шетелдік саяхатшының Ақтөбеде сапарын үзгені де назарға ілінген.
Ресей Арктикадағы позициясын нығайтып жатқанда, Еуропаға «солтүстік маршрутпен» келетіндер, яғни Арктика арқылы Норвегияға өтуге тырысқан босқындар саны артып барады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі Франсуа Олландтың шақыруымен осы аптада Францияда ресми сапармен болды. Оның сапары жайлы халықаралық басылымдар не жазды?
Қытай коммунистік партиясының осы аптадағы айрықша шешімі әр отбасының екі бала өсіруіне рұқсат береді. Бірақ бұл үшін биліктен бәрібір ресми рұқсат сұрау керек болатын сыңайлы.
Ұлыбритания Си Цзиньпинді сән-салтанатпен қабылдағаннан кейін батыс баспасөзі Қытайдың мүддесі біртіндеп Батысқа қарай ойыса бастағаны, бірақ Ресейден қол үзуге әлі ерте екені туралы жазады.
Батыс баспасөзі Ресей мұсылмандарының Сириядағы әскери операцияға алаңдаушылығы күшейіп отырғанын, Путиннің Жапонияға сапары кейінге қалғанын және ресейлік желіні интернеттен ажырату эксперименті жайлы жазады.
Ресей мен Еуропа Одағы арасындағы санкция қақтығысы Қазақстанның бидай экспортына аса көп өзгеріс әкеле қоймаған. Әлемдегі экспорт-импорт мәселелерін сөз ететін Hellenic Shipping News басылымының келтірген деректерінен осыны байқаймыз.
Ауғанстан армиясы Кундуз қаласының көп бөлігіне қайта бақылау орнатқанымен, ондағы шабуыл салдары бүкіл Орталық Азияға әсер етуі мүмкін деп болжайды сарапшылар.
Қытай президенті Си Цзиньпиннің АҚШ-қа сапары тұсында батыс баспасөзі «Орталық Азияға Пекин ықпалының күшеюі Ресей мен Үндістанның мазасына тиді» деп жазады.
Батыс басылымдары теңге девальвациясы қарапайым жұрттың наразылығына ұласуы мүмкін деп жазады. Бірақ, мұнайдың арзандауы шикізат өндіруші ел экономикасының дамуына түрткі болуы мүмкін деп болжайды.
Батыс баспасөзіндегі зерттеулер кәрілік меңдеген диктаторларға ажал келгенімен, әдетте олардан кейін демократия орнай қоймайтынын көрсетеді.
Батыс басылымдары Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуының нақты себептері әлі анықталмағанын жазды.
Тағы