Екібастұз қаласында жылу электр орталығындағы апаттан мыңдаған тұрғын -30 градус аязда жылусыз қалды. Мамандар апатқа жабдықтың әбден ескіруі себеп дейді. Тұрғындар бұл мәселе үкіметке бірнеше ай бұрын айтылғанымен ешқандай реакция болмады деп ренжулі. Азаттық тілшісі қаладағы жағдайды көріп қайтты.
3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болып, бес адам қаза тапты. Шахта ашылғалы онда жетпістен астам адам мерт болған.
Өскемен жетпіс жылдан бері Сталин дәуірінде пайда болған металлургия зауыттарына арқа сүйейді. Қаланың даму стратегиясында алдағы отыз жылда да Өскемен экономикасының базалық секторы "дәстүрлі өнеркәсіп өндірісі мен түсті металлургия болып қалады" делінген. Cарапшылар қаланың болашағына алаңдайды.
Билік Қазақстандағы барлық елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бірнеше рет уәде берген. Бірақ ол орындалмады: Әне-міне келеді деген су құбыры жыл сайын кейінге қалады. Әзірге мыңдаған қазақстандық ауыз су былай тұрсын, тұрмысқа, бақша суғаруға қажет судың өзін сатып алуға мәжбүр.
Қазақстанда екі мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Ресми дерек бойынша, кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы қарызы миллиард теңгеден асады. Билік бұл жағдайды жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауатсыздығымен байланыстырады.
Ақмола облысындағы Бестөбе ауылында алтын өндіретін шахталардың жұмысын тоқтатуға қарсы жергілікті тұрғындарды полиция тергеуге шақыра бастаған. Тұрғындарға қарсы арызды шахталарға иелік ететін, жақында кенді ашық әдіспен өндіруге көшеміз деп жариялаған компания берген.
Ақмола облысында сот Бестөбе ауылындағы таза ауа үшін күрескен екі экобелсендіні "көрінеу жалған ақпарат таратқан" деп танып, бір жылға бостандығын шектеді. Амнистияға байланысты екеуін жазадан босатты. Белсенділер үкіммен келіспейді.
Азаттық Шымкентте Қаңтар оқиғасында мерт болған тағы жеті адамды анықтады. Осылайша қаңтардағы дүрбелеңде Шымкентте көз жұмған 20 адамның аты-жөні белгілі болды. Барлығы оқ тиіп қаза болғаны Азаттық танысқан тергеу құжатында айтылған. Билік марқұмдарды күдікті санайды, туыстары онымен келіспейді.
Қарағанды облысында тұратын шаруа жергілікті билік жасанды спутниктен түсірілген суретке сүйеніп, тартып алмақ болған жерін сотта қорғап қалды. Бұл оқиға ғарыш мониторингінің сапасы және шенеуніктердің өз міндетіне салғырттығы сияқты бірқатар мәселенің бетін ашты.
"Қазақалтын"тау-металлургия кешені" компаниясы кеншілері Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахталарды су басуына байланысты жұмыссыз қалғанын айтып, президентке видеоүндеу жолдады. Олар ауылдың болашағы мен алтын өндіретін шахталардың тағдырына алаңдайды.
Тағы