Қарағанды өңірінде ондаған шаруа мал шаруашылығын дамытуға берілген мемлекеттік субсидияны қайтару жайлы хабарлама алған. Билік бюджет қаржысын игеру кезінде заң бұзылған дейді. Шаруалар қиын жағдайда отырған кезде мемлекеттің субсидияны қайтару талабы төбеден жай түскендей әсер еткенін айтады.
Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімде болған өрт пен жарылыстан бес адам қаза тапты. Ауруханаға түскен ондаған адамның алтауының халі ауыр. Жарылыс ошағына жақын елдімекендерден жүздеген адам эвакуацияланған.
Рейбанттар отбасының Петропавл қалалық полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп жүргеніне бесінші жыл. Туыстары Анатолий Рейбанттың ажалы "полицияның ұрып-соғуы салдарынан болды" деп санайды. Прокуратура марқұм "өз-өзін жарақаттаған" дейді.
Feminita тобының Қарағандыда ұйымдастырған кездесуі тағы да басталмай жатып аяқталды. Шара өтетін ғимарат алдына ашулы топ (негізінен ер кісілер) жиналған соң, Feminita белсенділерімен кездесуге келгендер жедел кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін Шымкентте болған жағдай енді Қарағандыда қайталанды.
Қарағанды облысы Доскей ауылында жергілікті жұрт ондаған гектарды алып жатқан полигондағы өрт, сасық иіс пен қоршаған ортаның ластануын алға тартып, күресінде жабуды талап етеді. Полигон иесі мұның артында өзінің кәсібін тартып алуды көздеген әлдекімдер тұр деп есептейді.
Степногорск қаласы мен оған іргелес үш ауылдың халқы елдімекенге жақын маңда қауіпті өндіріс қалдығын өртейтін кешен салуға қарсы. Биліктің дерегінше, БҰҰ-мен бірлескен жоба аясында биыл зауыт құрылысы басталмақ. Қалдықты жоюмен айналысатын компания даулы мәселе жайлы пікір бермей отыр.
40 жыл бұрын АҚШ-та адамның иммундық жүйесін зақымдайтын жаңа вирусқа сипаттама берілді. Алты жылдан соң ВИЧ Қазақстанға да жетті. 1990-жылдары есірткіні ине арқылы тұтынатын нашақорлар ВИЧ-пен жиі ауыратын, ал кейінгі онжылдықта вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар еселеп көбейген.
Батыс Қазақстан облысының ондаған тұрғыны 1980-жылдардың соңы – 1990-жылдардың басында Таулы Қарабақта болған ұлтаралық жанжалды реттеуге қатысқанын дәлелдей алмай жүр. Солардың бірі Бауыржан Досқалиев 19 жасында Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде тұтқынға түсіп, мүгедек болып қалғанын айтады.
Қазақстан Бельгияға құрамында аса улы заттар бар ондаған тонна өндіріс қалдығын жоюға жөнелтпек болған. Бірақ қауіпті жүк Қарағандыда апталап тұрып қалды. Бұл мәселені шешетін экология министрлігі улы қалдықты аттандыруға асығар емес.
Павлодар өңіріндегі "әкімдердің алғашқы тартысы" облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың өзіне бағынышты Ақсу қаласы әкімі Нұржан Әшімбетовті орнынан алуымен аяқталды. Ақсудың қазіргі тұрмыс-тіршілігі қандай? Әкімдер тіресінің артында не тұр? Жұрт не дейді? Азаттық тілшісі Павлодар облысына барып қайтты.
Батыс Қазақстан облысының үш ауданындағы шаруалар көбейіп кеткен киіктің зардабын тартып жатыр. "Егінді таптап, шөпті тып-типыл еткен дала жануары үкіметтен несие алып күнелтіп жатқан ауыл халқын тақырға отырғызады" деген тұрғындар үкіметтен көмек күтеді.
Қазақстан билігін сынайтын белсенділер қудалауға түсіп, қорқытып-үркітуге тап болады дейді құқық қорғаушылар. Белсенділердің арыз-шағымы бойынша іс қозғалғанымен, жасалған қылмыстың көбі ашылмайды, ал кінәлілер жазадан құтылып кетіп жатады.
Тағы