Қазақстан Бельгияға құрамында аса улы заттар бар ондаған тонна өндіріс қалдығын жоюға жөнелтпек болған. Бірақ қауіпті жүк Қарағандыда апталап тұрып қалды. Бұл мәселені шешетін экология министрлігі улы қалдықты аттандыруға асығар емес.
Павлодар өңіріндегі "әкімдердің алғашқы тартысы" облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың өзіне бағынышты Ақсу қаласы әкімі Нұржан Әшімбетовті орнынан алуымен аяқталды. Ақсудың қазіргі тұрмыс-тіршілігі қандай? Әкімдер тіресінің артында не тұр? Жұрт не дейді? Азаттық тілшісі Павлодар облысына барып қайтты.
Батыс Қазақстан облысының үш ауданындағы шаруалар көбейіп кеткен киіктің зардабын тартып жатыр. "Егінді таптап, шөпті тып-типыл еткен дала жануары үкіметтен несие алып күнелтіп жатқан ауыл халқын тақырға отырғызады" деген тұрғындар үкіметтен көмек күтеді.
Қазақстан билігін сынайтын белсенділер қудалауға түсіп, қорқытып-үркітуге тап болады дейді құқық қорғаушылар. Белсенділердің арыз-шағымы бойынша іс қозғалғанымен, жасалған қылмыстың көбі ашылмайды, ал кінәлілер жазадан құтылып кетіп жатады.
Қарағандыда жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі болып істеген Ербол Емілжанов еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, станцияға бөлінген қаржы жымқырылған деген күдікпен мемлекеттік органдарға хат жазғаннан кейін жұмыстан босатылған.
Шығыс Қазақстанда бірнеше кәсіпкер облыс басшылығын мемлекетке "зиян" шешімдер қабылдады деп сөкті. Даниал Ахметов басқаратын облыс әкімдігі бұған ресми пікір білдірген жоқ. Қазақстанда бизнестің билікке ашық қарсы шығатын кезі сирек. Бұл жолғы тірестің астарында не жатыр?
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезде облыс орталығы мәртебесінен айырылып, Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы қала болып қалған Семейде "Абай арена" деген спорт кешенінің атауын "Елбасы аренаға" айырбастауға келіспейтіндер бар.
Шығыс Қазақстандағы екі ірі кәсіпорын – Cемей ет комбинаты мен "Қазақцемент" зауыты миллиардтаған қарызға батып, жылдар бойы қызметкерлеріне жалақы төлей алмай отыр. Екі компанияны да кезінде Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енген, бұрын парламент депутаты болған адам басқарған.
Қарағанды облысында "Қазақмыс" компаниясы мыс өндіретін кен орнына жақын маңда тұратын ауыл тұрғындарын күштеп көшіру жалғасып жатыр. Үйін босатудан бас тартқан тұрғындар сусыз, жарық пен жылусыз қалған.
Теміртау белсенділері 180 мың тұрғыны бар қала зиянды қалдыққа тұншығып отырғанын бірнеше жылдан бері айтып, дабыл қағып жүрсе де, мәселе әлі шешілген жоқ. Ауаны ластайтын қалдықтың басым бөлігі жергілікті металлургия комбинатынан шығады. Белсенділер мұны "экологиялық геноцидке" балайды.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шаруалары комбайн жоқтығынан көктемде салған егінді күзде қолмен жинауға мәжбүр болғанын айтады. Олардың жергілікті билік шаруа қожалықтарын күзде комбайнмен қамтамасыз етсе деген тілегі бар. Ал әкімдік "комбайн тапшы" деген сөзді жоққа шығарады.
Тағы