Иран Израильге қарсы зымырандар ұшырды. Тегеран билігі өкілдері мұны "кек қайтару" деп атаған. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Иран "өте үлкен қателік жасады" деді. АҚШ Израильге қолдау көрсетті. Тегеранның ісін айыптаған БҰҰ мен Еуропа Одағы жетекшілері Таяу Шығыс аймағында атысты дереу тоқтатуға үндеді.
20 жыл бұрын қыркүйектің алғашқы үш күні Бесланда Ресейдің бүгінгі тарихындағы ең ауыр теракт болды. 2004 жылғы 1 қыркүйекте бір топ террорист №1 мектепті басып алды. 1100-ден астам адам кепілге алынды. Олардың арасында оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болды. Қаза тапқандардың туыстары, соның ішінде "Беслан аналары" ұйымы әлі күнге дейін Ресейден болған жағдайды тергеуді талап етіп келеді.
"Қарабақ мәселесі" шешілген соң, елде демократияға бетбұрыс болады деген үміт бар еді. Бірақ ел президенті Илхам Әлиевтің қадамы бұл үмітті сөндіргендей.
Израиль армиясы Газа секторын әуеден де, құрлықтан да атқылап жатқалы 10 айдан асты. Палестина билігінің мәліметінше, Газа аумағында өлгендер саны 40 мыңнан асты. Израиль армиясы 28 тамызда Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық кемі төрт қалада «терроризмге қарсы операция» бастады.
Қазір әлемде елуден астам ел атом электр станциясын белсенді пайдаланып отыр. Сонымен бірге, ешқашан АЭС болмаған немесе бастапқыда қосып, кейін ажыратып тастаған елдер де, ядролық қуатты қосуға сәл қалғанда ойламаған жайтқа тап келген елдер де бар. Ол қандай жайттар? Оған не себеп болды?
Баку билігі осы аптада Ресей президентін жылы қарсы алғанымен, оның Әзербайжанға сапары Илхам Әлиевтің қонақжайлығының шегі бар екенін көрсетті. Қазір Владимир Путин Бакудің көпвекторлы сыртқы саясатынан ғана үміттене алады.
Париж Олимпиадасы қарсаңында француз спортшыларына хиджаб киіп, орамал тағуға тыйым салынуы адам құқығын қорғайтын ұйымының сынына қалды. Франция билігі мұны «бейтараптықты сақтау» деп түсіндіреді. Еуропадағы мұсылмандар ең көп тұратын мемлекеттегі көптен келе жатқан мәселе тағы ел назарын аударды.
Тағы