Кейінгі Ресейде доллар бағамы 100 рубльге дейін шарықтап кетті. Елдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жағдайды реттегендей болды. Бірақ рубльдің әлсіздігі ұзақмерзімде Ресеймен тығыз экономикалық байланыстағы Орталық Азия мемлекеттеріне қышқыл тиетіні қазірден көрініп отыр.
Нигердегі төңкеріс Батыс елдерін ойландырып тастады. Олар Сахель өңірімен байланысын үзсе, хунта Мәскеудің көмегіне жүгінуі мүмкін. Ресейдегі "бүліктен" кейін хабарсыз кеткен "Вагнер" тобы Батыс Африка мемлекетіне ықпалын жүргізе ала ма?
АҚШ өкілдер палатасының қадағалау комитеті Джо Байден вице-президент болған тұста оның ұлы Хантер Байден Украина, Ресей және Қазақстан олигархтарынан жиынтығы 20 миллион доллар алғанын мәлімдеді. Комитет бұл ақпаратты банктер берген төлем дерегінен алғанын айтты.
Владимир Путин неге өзін патша тәрізді ұстауға тырысады? Ресейдің Украинаға басқыншылығының астарында Путиннің жаңсақ аңыздың жетегіне еріп, славян халықтарын "біріктіруді" көксеуі жатыр ма? Оксфорд университетінде істейтін ресейлік тарихшы Андрей Зориннің Азаттыққа сұхбатын оқыңыз.
АҚШ төрт қырғызстандық компанияға санкция салды. Олар Ресейге микрочиптер мен басқа да технологиялар жіберіп келген. Бұл компаниялардың бәрі Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін ашылған.
Ресей әскері 380-мотоатқыштар полкінің жауынгерлері Курск облысында өздері тұрып жатқан "шұңқырдағы" жағдайды түсірген видео тарады. Мобилизациямен әскерге алынған сарбаздардың айтуынша, басшылар өзіне жақпағандарды осындай адам төзгісіз жағдайдағы жерге апталап отырғызып жазалайды.
Украина шенеуніктері мен барлау қызметі Ресей оккупациялаған Запорожье атом электр станциясында кез келген сәтте апат болуы мүмкін дейді. Днепрдің төменгі сағасындағы бөгет жарылғаннан кейін су қоймасының жағалауындағы Никопольдің халқы бұл болжам шынға айнала ма деп алаңдап отыр.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің әбден жүдеген бейнесі видеодан көрсетілгеннен кейін грузин оппозициясы мен еуропалық саясаткерлер Тбилисиді қатты сынға алып жатыр. Киев Украина азаматтығына ие Саакашвилиді өзіне беруді талап етті. Грузия билігі сын- айыптауларды мойындамайды.
Тағы