Ағылшын тарихшысы Орландо Файджес президент Владимир Путиннің Украинаға басып кіруі оны тарихтағы ұлы көшбасшылардың біріне айналдырмайды, керісінше, қақтығыс Ресей ішіндегі берекетсіздікке ұласуы мүмкін дейді.
Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысынан оңтүстіктегі Днепр өзеніне дейін созылған майдан шебінің бойында қиян-кескі шайқас қыза бастады. Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина қарымта шабуыл бастады дейді. Азаттық осы төңірегіндегі хабарламаларды шолып шықты.
Тайвань сыртқы істер министрінің орынбасары Рой Чун Ли Азаттыққа берген сұхбатында Тайбэй Батыс елдерінің Украинаны қолдауын неге құптайтынын, Еуропаның Тайваньға көзқарасы қалай өзгергенін айтып берді.
Режеп Тайып Ердоған Түркия президенті болып қайта сайланды. Елді алда не күтіп тұр? Түркияның Украинадағы кикілжіңді реттеудегі рөлі және Орталық Азиямен байланысы қалай болмақ? Азаттық Украинадағы Таяу Шығыс зерттеулері орталығының директоры Игорь Семиволостан сұрап көрді.
Ресейдің зерттеуші журналисі Роман Анин Кремль билеушісі Владимир Путин тарихта өзі қалағандай I Петр мен Ұлы Екатеринаның емес, Гитлер мен Каддафидің қатарында тұрады дейді. Журналистің пікірінше, Ресей президентінің тағы үшін талас әлдеқашан басталып кеткен.
Қазақстанда туған жапон фотографы Хаято Мацумото советтік Қазақстандағы өмірі, милициядағы қызметі, Жапонияға көшуі, деректі фотожобалары, жапон халқының Украинадағы соғысқа көзқарасы туралы ой бөлісті.
АҚШ мемлекеттік департаменті діни азшылықтар құқығының шектелуі мен адамдарды діни көзқарасына байланысты бостандығынан айыруды Қазақстандағы дін еркіндігі саласындағы елеулі мәселелердің бірі деп есептейді.
Түркиядағы президент сайлауынан кейін бюллетеньдердің 98,38 пайызы саналып, елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 49,34 пайызбен алда келеді. Оның негізгі бәсекелесі – "Халық альянсы" оппозициялық бірлестігінен сайлауға түскен Кемал Қылышдароғлы 45 пайыз дауыс жинап екінші орында тұр.
Ташкент бұл өзгерістерді «елді демократияландыруға арналған қадам» деп бағалайды. Лондондағы Central Asia Due Diligence талдау орталығының директоры Әлішер Ильхамов Азаттыққа сұхбатында Өзбекстан билігі Қазақстандағы билік транзиті мен Қаңтар қырғынынан қандай сабақ алғанын айтты.
Тағы