Ресей күштері Украинада басып алған өңірлерде жергілікті шенеуніктерді, ауыл басшылары мен қала мэрлерін тұтқынға алып жатыр. Украина билігі шамамен 14 қаланың демократиялық жолмен таңдалған басшысының тұтқындалғанын хабарлады. Оккупанттар олардың орнына Ресейге бағынатын өз адамын қойып жатыр.