Ұлыбритания жариялаған жаңа санкция тізімінде Ресей президенті Владимир Путиннің туыстары бар. Британ үкіметінің хабарламасында осы тізімдегі Алина Кабаеваның Путинмен "жақын қарым-қатынаста" екені айтылған. "Настоящее время" сайты "Навальный тобының" мүшесі Любовь Собольмен санкция жайлы сөйлесті.
Украинадағы соғыс басталғанда Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмеген Пекин енді шиеленістің негізгі себепшісі НАТО екенін айтып, оны жиі сынауға көшті. Сарапшылар Қытай әскери одақтың шығысқа қарай бет бұра бастағанынан қауіптеніп, НАТО мен АҚШ-тың Азияға ықпалына тосқауыл қойғысы келетінін айтады.
Украина әскерилері ел аумағына басып кірген Ресей әскери техникасын совет кезіндегі ескі қарумен жоюдың жаңа тәсілін қолданып жүр.
Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Скандинавия елдері тездетіп альянсқа мүше болғысы келеді. Қазір НАТО құрамында 30 мемлекет бар. Алдағы бірнеше аптада Хельсинки үшін де, Стокгольм үшін де маңызды оқиғалар болмақ. Азаттық осы мәселе жайлы ең маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Война России с Украиной набирает новые обороты. Десятки стран осуждают агрессию и вводят против Москвы все новые санкции. Прямых союзников у Кремля почти не осталось. Но есть и страны, которые пока не занимают никакую сторону. Такие как Китай, монархии Персидского залива — или Турция.
Қазақстандық құқық қорғаушы Анастасия Миллер Азаттыққа берген сұхбатында Нью-Йоркке ресейлік стендап-комик Нұрлан Сабыровтың концертіне бойкот жариялауға не үшін барғанын, әзілдің зорлық пен қатыгездікті насихаттауға қандай қатысы барын айтып берді.
Ұлыбританиядағы Консервативтік партияның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі, Article 7 консалтинг тобының бас директоры Гарван Уолш Батыстың әскери техникасы Украинаға қалай көмектесе алатынын, соғыстың ендігі кезеңі неліктен логистикаға байланысты екенін айтты.
Ресей әскері Украинаның Бердянск қаласын соғыстың басында-ақ бақылауға алған. Қаланы телефон байланысынан ажыратып, көшеге күзет қойған. Коммендант сағаты тәртібін енгізіп, Ресей телеарналарын қосқан. Азаттықтың Украин қызметінің тілшісі қаланың қазіргі тіршілігін көріп қайтты.
Сарапшылар Қырғызстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінен Ресейге барып, сол елдің азаматтығын алған адамдарды билік Украинадағы соғысқа жіберіп жатқанын айтады. Кейбірі бұған ақша үшін барса, кейбіріне Ресей билігі азаматтықтан айыратынын айтып сес көрсеткен.
7-8 сәуірде Моңғолияда мыңдаған жас билікке қарсы, қымбатшылыққа, ұлттық валюта төгрөгтің құнсыздануына, жемқорлыққа қарсы бейбіт шеруге шықты. Азаттық наразылыққа қатысқан моңғолиялық қазақтармен сөйлесіп, наразылықтың жай-жапсарын білді.
Тағы