Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында 11 сынып оқушысы "14 жасар қызды зорламақ болды" деген сыбыс тарағаннан кейін көшеге шыққан ашулы адамдар екі үйге басып кірмек болған. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, үйдің, көліктің терезелері сынған деген ақпарат бар. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Екі адам қамауға алынған. Қазір ауылдың кіреберісін қарулы полиция күзетіп тұр.
Қазақстандық шенеуніктер шетелден келген көлікті қайта өңдеуге деп алынатын қымбат алымды арзандатуды ұсынған белсенділердің сөзін қабылдамайтын сияқты. Ал премьер-министр елді импортқа тәуелсіз "көлік державасы" болуға үндеді. Бірақ утилизация алымы мен қазіргі жағдайдан үлкен пайда көріп отырған көлік құрастыру зауыттарына қарсы қозғалыстың қарқыны күшті.
Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
6 шілде – Астана күні және Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Мерекенің тарихи негізі –Жоғарғы кеңестің астананы Ақмолаға көшіру туралы 1994 жылғы 6 шілдедегі қаулысы. Азаттық мерекеде астаналықтардың Назарбаев туралы пікірін сұрады. Көпшілік пікірі әртүрлі болып шықты.
Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді?
26 маусым – нашақорлықпен күрес күні. Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша сотталғандар арасында жастардың үлесі артып барады. Олардың көбі есірткі тасығаны үшін 10-15 жылға түрмеге қамалады. Туыстары олар шалыс басты деп жазасын жеңілдетуді сұрап жүр. Ірі қылмыскерлер жазасыз қалып, есірткі дерті артып барады дейді сарапшылар.
Бұл – мемлекет қаржысына жасалған, бірақ халық наразылығынан кейін қала ортасына орнатылмай, әлі күнге мүсіншінің гаражында тұрған ескерткіш және оның төңірегіндегі дау туралы хикая.
Былтыр жазда Қарағандыдағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында балалар жаппай уланып, екі науқас көз жұмды. Арада бір жыл өтсе де, балалардың неден уланғаны әлі анықталған жоқ, ешкім жауапқа тартылмады. Тергеу органдары Ресейдің көмегіне жүгінді.
Түркістан өңірінде аудандық мәслихат депутаты "Amanat" партиясынан сотта жеңіліп қалды. Ол өзін бір рет депутат мандатынан айыруға негіз болған партияның шешімі заңсыз екенін дәлелдегісі келеді. Партия оған ұйым атынан депутаттыққа сайланып, міндетін дұрыс атқармаған деп кінә таққан. Депутат партияға мүше болуға ешқашан өтініш бермегенін айтады.
Тағы