Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
6 шілде – Астана күні және Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Мерекенің тарихи негізі –Жоғарғы кеңестің астананы Ақмолаға көшіру туралы 1994 жылғы 6 шілдедегі қаулысы. Азаттық мерекеде астаналықтардың Назарбаев туралы пікірін сұрады. Көпшілік пікірі әртүрлі болып шықты.
Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді?
26 маусым – нашақорлықпен күрес күні. Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша сотталғандар арасында жастардың үлесі артып барады. Олардың көбі есірткі тасығаны үшін 10-15 жылға түрмеге қамалады. Туыстары олар шалыс басты деп жазасын жеңілдетуді сұрап жүр. Ірі қылмыскерлер жазасыз қалып, есірткі дерті артып барады дейді сарапшылар.
Бұл – мемлекет қаржысына жасалған, бірақ халық наразылығынан кейін қала ортасына орнатылмай, әлі күнге мүсіншінің гаражында тұрған ескерткіш және оның төңірегіндегі дау туралы хикая.
Былтыр жазда Қарағандыдағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында балалар жаппай уланып, екі науқас көз жұмды. Арада бір жыл өтсе де, балалардың неден уланғаны әлі анықталған жоқ, ешкім жауапқа тартылмады. Тергеу органдары Ресейдің көмегіне жүгінді.
Түркістан өңірінде аудандық мәслихат депутаты "Amanat" партиясынан сотта жеңіліп қалды. Ол өзін бір рет депутат мандатынан айыруға негіз болған партияның шешімі заңсыз екенін дәлелдегісі келеді. Партия оған ұйым атынан депутаттыққа сайланып, міндетін дұрыс атқармаған деп кінә таққан. Депутат партияға мүше болуға ешқашан өтініш бермегенін айтады.
Өскеменде бейресми "Назарбаев резиденциясы", ресми түрде "сол жағалау профилакторийі" аталып кеткен нысан 1 млрд 115 миллион теңгеге бағаланып, саудаға шығарылды. Шығыс Қазақстан облысы билігі көпшілік назарынан тасада тұрған ғимаратты неге сатқалы жатыр?
Үкіметтің арнайы сайтында жарияланған көліктің утилизация алымына қарсы петиция 50 мыңнан астам азаматтың қолын жинап, тиісті мемлекеттік органның қарауына түсті. Оны қарастыратын жұмыс тобы құрылып, оның отырысына петиция авторлары шақырылып, жиынның форматы, жоспары көп дауға негіз болды.
Тағы