Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін екі апта ішінде Қазақстанға 300 мыңға жуық ресейлік келген. Алғашқы топ көктемде батыс елдері Ресейдің банк жүйесіне санкция салған кезде ағылды. Қазақстанға келген ресейліктер рубль әкеледі. Бұл ақша қазақстандық банктерде іске жарамай, бос жатыр. Неге?
Қазақстан үкіметінің институты – "Бәйтерек" холдингі ресейлік Сбердің еншілес компаниясын сатып алды. Сарапшылар бұл қадамды санкция салынған банкті құтқару үшін жасалған саяси келісім деп бағалайды. Банкті сатып алуға мемлекеттен қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз.
Он жылға жуық уақыт бұрын Қытай "Бір белдеу – бір жол" жобасын іске қосып, көптеген елге миллиардтаған доллар несие берді. Экономикалық қысым күшейген тұста Қырғызстан мен Пәкістан секілді елдер қарызын қайтаруға қиналып жатыр. Ал Шри-Ланкада төңкеріс болды.
Қазір Қазақстан зауыттары 226 мың тонна қант шығарады, яғни ішкі сұраныстың жеті пайызын ғана қамтамасыз етеді. Азаттық елде қант өнеркәсібі неге кенже қалғанын анықтап көрді.
Ресейден Германияға газ айдайтын "Солтүстік ағын-1" құбыр желісінің жұмысы техникалық себептермен он күнге тоқтап, енді қайта іске қосылды. Бірақ құбырмен жіберілетін газ бұрынғы көлемінен аз. Еуропадағы энергетика дағдарысы жайлы не білу керек? Түсіндіреміз.
Еуропаға "Бір белдеу – бір жол" жобасы аясында көбіне Ресей арқылы тауар тасыған Қытай енді балама жолдар іздеп жатыр. Кремльдің Украинаға басқыншылығынан кейін Батыс елдері Ресейге санкция салған соң, Пекиннің бұл мүмкіндігі шектелген еді.
Қазақстанда тауар мен қызмет бағасының өсуімен қатар ұшақ билеті де бір жылда орташа есеппен алғанда 17,7 пайызға қымбаттаған. Әсіресе халықаралық рейстер бағасы шарықтап тұр. Украинадағы соғыстың кесірінен ұшақтар айналма жолмен ұшуға мәжбүр. Бірақ билет бағасына әсер еткен басқа факторлар да бар.
Батыс елдері Ресейге Украинаға басқыншылық жасағаны үшін бірнеше бөліктен тұратын санкция салды. Кремль оған төтеп беретініне сенімді. Кей сарапшылар бұған күмәнмен қарайды.
Бішкектің жанармай бекеттерінде бензиннің литрі 61-64 сомнан сатылып жатыр. Көлікпен табыс тауып, күн көріп жүрген адамдар жанармай қымбаттаған соң табысы азайғанын айтады. Елде көрші Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз таситындар көбейді.
Қазақстан билігі жаңа экономикалық саясатқа бет бұратынын мәлімдеді. Жүйені қайта құру туралы үндеулерден соң экономикада не болып жатыр? Экс-президенттің туыстарын қылмыстық қудалау монополияға басымдық беретін экономикалық модельді өзгерте ала ма? Азаттық экономист Айман Тұрсынханнан сұрап көрді.
Тағы