Батыс баспасөзі сот шешімімен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына тыйым салынғаннан кейін әлеуметтік желілерге кіру қиындағанына қатысты қолданушылар реакциясын, "Астана" халықаралық қаржы орталығы ашылуын талдап, қазақстандық ENRC компаниясы мен Трамптың бұрынғы адвокаты іліккен дауды талқылаған.
5 шілдеде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын ашты. Бұл орталықты ашу идеясын Назарбаевтың өзі ұсынған. Ал шетелдік басылымдар "Астана" орталығының келешегіне күмәнмен қарайды.
Қырғызстандағы Бозымчак кенішінде жұмыс істейтін қазақстандық "КазМинералсБозымчак" компаниясының директоры Ілияс Түлекеев үй қамаққа алынды.
Қырғызстан Жогорку Кеңеші депутаты Камчыбек Жолдошбаев кәсіпкерлерге ақша жинап, Қырғызстанның Қытайға қарызын өтеу туралы ұсыныс айтты. Депутаттар Қытайға қарыздың өсіп бара жатқанынан қауіп етеді. Қазір Қырғызстанның мемлекеттік қарызының 40 пайызы – Қытайға берешек және бұл миллиондаған долларлық несиенің тиімділігі де күмәнді.
Қазақстан үкіметі туристік қызметті реттейтін заң әзірлеп жатыр және шетелдіктердің елге келуін жеңілдететін электронды виза енгізгендерін мәлімдеді. Мұның бәрі елге келетін шетелдік туристерді көбейтіп, туризмді экономиканың дамыған саласына айналдыра ала ма?
Қырғызстанда мал басы көбейгенімен ет және ет өнімдерін экспортқа шығару әлі күнге дейін үлкен мәселеге айналып отыр.
Рамзан Қадыров өзі басқарып отырған Шешенстанды “инвестиция салудың үлкен мүмкіндігі” деп жарнамалап жүр, бірақ ауқатты шешендердің өздері инвестор болуға онша құлық танытпай отыр.
Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі "Жаңа Қазақстан" атты форум өткізіп жатыр. Азаттық тілшісі осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен сұхбаттасты.
Ақорданың Қазақстан-ЕО келісімін ратификациялағанына келесі айда екі жыл толады. Елдің ұлттық экономика министрлігінің өкілі «Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы ең басты сауда-саттық серіктесі» деп атайды. Брюссель елшісі «шикізаттан бөлек Қазақстан дайын өнімін әкелсе екен» дейді.
Түркімен газын Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға жеткізеді деп межеленген TAPI жобасының Ауғанстан бөлігіндегі құрылысының басталуына Талибан қозғалысы да оң қабақ танытты. Алайда құбыр жолының негізгі бөлігі мазасыз аймақтан өтпек.
Азаттық тілшісі Шыңжаң университетінің профессоры Лю Бинмен екі ел арасындағы экономикалық байланыс туралы сұхбаттасты. Сарапшы Үрімжі аймағындағы этникалық азшылық топтардың жағдайына қатысты да ойын айтты.
Тағы