Түркіменстанда ұн мен жұмыртқа тәрізді негізгі азық-түлік тауарларының тапшылығы екінші жыл қатарынан байқалып отыр. Тәуелсіздік алғанына 26 жыл болған мемлекет аса ауыр экономикалық дағдарысқа тап болғалы екінші жылдан асты. Азық-түлік тапшылығына қоса елде жұмыссыздардың көбейгені туралы дерек бар.
Қырғызстан кәсіпкерлері Қазақстанның бақылау бекеттеріндегі күшейтілген режимге шекарадан өткеннен кейінгі негізсіз тексерулер қосылды деген шағым айтады. Ал Қазақстандағы тексеруші органдар қырғыз тасымалдаушылдары тарапынан заң бұзылып жатқанын хабарлады.
Батыс баспасөзі Қорғас арнайы экономикалық аймағы, Guardian журналында жарияланған Қазақстан туралы мақалаға қатысты оқырмандар пікірі және қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтің тағдырына Мұратхан Тоқмәди мәлімдемесінің ықтимал әсері туралы жазған.
Шекарадағы жағдайдың кесірінен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу мәселесін Қырғызстан үкіметі әзірше шешкен жоқ. Өткен аптада экономика министрлігі шығындарды есептейтінін хабарлаған.
Жанармай нарығындағы тапшылық Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауытын салу керектігі жайлы әңгімені қайта қозғады. Сарапшылар жаңа зауытқа қажетті көлемде шикізат жоғын айтады. Үкімет жаңарту жұмыстарынан кейін елдегі үш зауыттың шамасы қажеттілікті өтеуге жетеді деп сендіреді.
Америкалық басылым Астанада аяқталған ЕХРО жайлы мақаласында Қазақстан президентін "жеке басын дәріптеуді күшейтті" әрі бәсекелестікке төзбейді деп сипаттаған. БАҚ бүкіл әлемдегі миллиондаған бокс жанкүйері тағатсыздына күтіп отырған әрі жекпе-жек қарсаңында қызы дүниеге келген қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне де назар аударған.
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов қайтыс болғалы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстанның жаңа лидері Шавкат Мирзияевтің кездесуі жиіледі. Сарапшылар Орталық Азиядағы екі постсоветтік республиканың арасы «жақындай бастағанын» айтады.
29 тамызда Астанадағы «Хилтон» қонақ үйінде Қазақстанда салынған аз байытылған уран (АБУ) банкінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Теміртау металлургтері мен шахтерлерінің жалақыны 30 пайызға көбейтуді талап еткеніне бір айға жуықтады. Бірақ "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жалақыны жұмысшыларға әзірше түсініксіз өзге жүйе бойынша төлеуге көшуді ұсынады.
Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран мен БАӘ-ге ет сатады. Бірақ импорттау көлемі экспортынан 125 есе көп. Биылғы алты айда шетке 2-ақ тонна жылқы етін сатқан Қазақстан сырттан 723 тоннасын сатып алған.
Кейінгі айда Қырғызстаннан Ресейге апарылған бірнеше тонна жеміс-көкөніс пен сүт өнімдері кері қайтарылды. Мұның себебін «өнімдер кеден одағы талаптарына сай емес» деп түсіндірген.
Ресейдің Магадан қаласының ең қиқы-жиқы көшелерінде қала мэрінің бейнесімен қоса "Дұрыс жерде жүрген жоқсың, Антон!" деген жазулар пайда болды. Бұл сөзді Магадан мэрі Юрий Гришан қаладағы жөндеу жұмыстарын сынаған белсенді блогшылардың бірі Антон Афанасьевке Twitter арқылы айтқан.
Тағы