Астана қалалық қылмыстық істер соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен өзге 10 адамға үкім шығарды.
Астанада Ресей экспорт орталығының Мәскеуден тысқары алғашқы сауда үйі ашылды. Оның өкілдері Ресей тауарларын несиеге алуды ұсынады. Қазақстан бизнесінің кей өкілдері де тауарларын осы орталықтарда сатқысы келеді.
Құрылғанына екі жыл толған Еуразия экономика одағына мүше бес ел басшылары бүгін Астанада кездеседі. Сарапшылар Ресейге салынған санкциялар мен Кремльдің қарсы санкциялары Қазақстанға кері әсер етті деп санайды.
Қырғызстан төрт ай бұрын тауарларын Еуропаға кеден салығынсыз экспорттауға рұқсат алған. Бірақ елде құжаттарды ресімдеу, тауарларды сертификаттау, зертхана салу мәселелері әлі шешілген жоқ.
Астанадағы жиында Қара теңізден Каспийге дейін тартылады делінген «Еуразия» су арнасын енді Сары теңізге дейін созайық деген ұсыныс айтылды. Бірақ оны қанша уақытта қанша қаржыға салуға болары белгісіз.
Қырғызстанның мемлекеттік көші-қон қызметі шетелдік мигранттардың елде жұмыс істеу тәртібін реттейтін заң жобасын қоғамдық талқыға салды. Ол елдегі еңбек мигранттарының 85 пайызы – Қытай азаматтары.
«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясының бақылау пакеті Қытай қолына өте бастаған тұста Румыниядағы осы кәсіпорынға қатысты тергеу амалдары басталды. Бірақ «ҚазМұнайГаз» Еуропадағы бірқатар жобаларын бұдан ертеректе де жабуға мәжбүр болған.
OCC жұмысшыларының "жұмыс көлемінің азаюына наразы болып, ас ішуден бас тартқанына" қатысты әкімшілік комментарий бермей отыр.
Офшорда қаржысы көрінген қазақстандықтар «заңсыз әрекет жасамағандарын» айтса, кейбір сарапшылар «тізімдегі қоғамдық тұлғалар түсініктеме беруі тиіс» деп санайды.
Биыл Қазақстанның вице-премьері әрі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева отандастарын "сараңданбай салық төлеуге" шақырған.
Өзбекстанда GM Uzbekistan ісі бойынша тұтқындалған 10 адамның бірі – автоконцерннің бас директорының ұлы.
Оңтүстік Қазақстан тұрғындары баспана мен жұмыстың жоқтығы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға себеп екенін айтады. Жергілікті билік бұл проблемаларды халықтың көптігінен көреді.
Тағы