«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясының бақылау пакеті Қытай қолына өте бастаған тұста Румыниядағы осы кәсіпорынға қатысты тергеу амалдары басталды. Бірақ «ҚазМұнайГаз» Еуропадағы бірқатар жобаларын бұдан ертеректе де жабуға мәжбүр болған.
OCC жұмысшыларының "жұмыс көлемінің азаюына наразы болып, ас ішуден бас тартқанына" қатысты әкімшілік комментарий бермей отыр.
Офшорда қаржысы көрінген қазақстандықтар «заңсыз әрекет жасамағандарын» айтса, кейбір сарапшылар «тізімдегі қоғамдық тұлғалар түсініктеме беруі тиіс» деп санайды.
Биыл Қазақстанның вице-премьері әрі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева отандастарын "сараңданбай салық төлеуге" шақырған.
Өзбекстанда GM Uzbekistan ісі бойынша тұтқындалған 10 адамның бірі – автоконцерннің бас директорының ұлы.
Оңтүстік Қазақстан тұрғындары баспана мен жұмыстың жоқтығы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға себеп екенін айтады. Жергілікті билік бұл проблемаларды халықтың көптігінен көреді.
Мемлекеттік кредиттік бюро мәліметі бойынша, Қазақстанда 5 миллионнан астам адамның несиесі бар. Биыл оның 1 миллион 102 мыңы кредитін төлей алмай жүр. Ал экономист «ел жалақыдан жалақыға әрең жетеді, сондықтан кей мәселелерін несиемен шешуге тырысады» дейді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесін спекуляцияға айналдырған арандатушылар әшкереленіп, жазалануы тиіс" деп мәлімдеді.
Қазақстандық тауар өндірушілер мен экспорттаушылар Еуразия экономикалық одағына мүше елдерді монополияларды шектеп, бәсекелес орта құру шараларын қарастыруға шақырады. Кей бизнесмендер «одақ елдерімен тауар айналымы кеміді» деген шағым айтады.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов сәуірдің 25-26-сы күндері Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапарлайды. Мәскеу мен Ташкент арасындағы бұрыннан келе жатқан алауыздық әлі бар.
Мұнайлы елдер шикізат өндіру көлемін азайту жайлы келісе алмай, мұнай бағасы тағы арзандады. Сарапшылар пікірінше, мұнай бағасы құлдырауы Қазақстанда саяси реформалар жүргізуге ұласпайды.
Әр гектарға берілетін демеу қаржы тоқтағасын шағын жерде жылыжай ұстайтындар шығын көбейгенін айтады. Үкімет басым бағыттарға инвестициялық субсидия көлемін ұлғайтуға уәде беріп отыр.
Тағы