Түркиядан жүк әкеле жатқан қазақстандық көліктер Ресей шекарасында қамалып тұр. Кәсіпкерлер Анкара мен Мәскеудің дауынан туған бұл оқиғадан бизнестері шығын шегіп жатқанын айтады.
Ауыл шаруашылығы мамандары министр Асылжан Мамытбековтің түркиялық өнімдерге тыйым салған Ресейге азық-түлік апарып сату жоспарына күмәнмен қарайды.
Сарапшылар Ресей мен Түркия арасындағы ұшақ жанжалынан өрбіген экономикалық шаралардың Қазақстанға әсері жайлы ой бөлісті.
Қазақстан президентінің биылғы жолдауында зейнетақы мен жалақыдан бастап Ресей-Түркия жанжалына дейінгі мәселелер сөз болды.
Еңбек жәрмеңкесінде ұсынылған «екі мыңнан астам жұмыс орнының» кейбірі телефон көтермейді, көпшілігінің жалақысы аз.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал өсіретін шаруалар ет пен сүт сатудан еш пайда көре алмай жатырмыз деп наразы. Шаруалардың сөзін қуаттаған жергілікті билік оның бірнеше себебі барын айтады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «Әр маман өзінің орнын басатын адамды дайындауы керек. Бұл - бәрімізге де қатысты мәселе» деп мәлімдеді.
Қазақстанда бензин акцизінің құны екі еседен астамға өспек. Акцизден соң бензин бағасы да қымбаттай ма? AzattyqLIVE хабарында осы мәселе талқыланды.
Тамыз девальвациясынан кейін елде тамақ өнімдері, тұрмыстық техника, киім-кешек және аяқ киім бағасы күрт қымбаттағаны байқалады. Ал жалақы негізінен бұрынғы деңгейде қалған.
Келер айда Қазақстан мен ЕО арасында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімге қол қойылмақ. Астана мұны жариялаған кезде ЕАЭО-ның саяси мүдде көздемейтін одақ екенін тағы айтты. Бірақ бақылаушылар "ЕАЭО - Кремль үшін саяси жоба" дейді.
Сәрсенбіден бері Өзбекстан астанасындағы жанармай құю бекеттері маңында бензин алу кезегінде тұрған көліктер қарасы көбейді.
Ұлттық банк төрағасы қызметіне Данияр Ақышев тағайындалған соң нарықта не өзгеріс болады? AzattyqLIVE хабарының қонағы қаржыгер Марлен Қайырленов осы мәселе жайлы сұрақтарға жауап берді.
Тағы