Қазақстанда 25 қарашада бензин акцизінің құны екі еседен артыққа өспек. Көлік иелерінің көпшілігі бұдан соң бензин бағасы қымбаттайды деп уайымдайды.
Қазақстанның жанар-жағармай нарығын қандай өзгерістер күтіп тұр? Әлемдік нарықта мұнай бағасы түсіп жатқан шақта шикізаттың осы түрін экспорттайтын елде бензин бағасы неге қымбаттайды?
Орыс тілінде өткен AzattyqLIVE қонағы - мұнай-газ мәселелері бойынша сарапшы Сергей Смирнов осы сауалдарға жауап берді.