Жалпы жұртқа Жаңаөзендегі полицияның халықты қойша қырған әрекеті туралы сұмдық хабар біркелкі жетпей жатыр. Көпшілік «Хабардың» көпірмесі мен «Қазақстанның» лепірме жаңалықтарын көріп, болған жайға тек біржақты баға берген биліктің ойындағысын естіп, тыныш отыр.
Қайда жүрсеңіз де, аман болыңыз. Сіз – 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасының айғағын бүкіл әлемге жария еткен санаулы адамның бірісіз.
Назарбаев режиміндегі кезектен тыс сайлауда «Нұр Отанның» маңдайы жарқырап, тағы да алдына қара салмады. Әсілі, біздің саясат теледидардан күнде көрсететін сериал тәрізді ғой. Бәрін алдын-ала біліп отырасың көріпкел болмай-ақ.
Біздің билік қорғауға зәру емес, халық – зәру. Осыны, өкінішке қарай, кейбір «зиялы» деп жүрген аға-көкелеріміз түсіне алмапты. Ал қиын-қыстау кезінде тіпті халықтың көңілін де аулай алмаған «зиялыларды» сонда сақалы үшін, алған наградалары үшін халық сыйлауы керек пе?
Әкім мырза! Жап-жаңа орынға барғаныңызбен, айтпақшы, апарылғаныңызбен құттықтауға міндетті емес екенімді ескеріп, бірден сіздің жадыңызды жаңғыртып, онда жатқан, иә, егер «жағып жібермесеңіз», бұрынғы үш хатымды есіңізге салғым келді.
Бұл жолы да өте алмадық ұлт болып ұйысудың ұлы сынынан. Бабалар ерлігінің сыбағасы болып күтпеген жерден уысымызға түскен Тәуелсіздікке лайықты екенімізді дәлелдей алмадық тағы да...
Он алтыншы желтоқсан – Күн бе осы күйелеш?! Күңіренген санамда Бір он алты бұл емес...
Сіздің шәкірттік, бозбалалық, жігіттік, қызметкер, басшы кездеріңіз жайында кітап, пьеса, спектакль жазылды ма, көп сериялы кинофильм түсірілді ме? Жоқ. Сіздің тірі кезіңізде нөкерлеріңіз Сізге төрт ескерткіш орнатты ма? Жоқ.
Міне, бізде осылай. Астанада – күнде жиын, күнде той, ауыл-аймақта әуре-сарсаң, ал Жаңаөзенде – көз жасы мен қан!
«Ақ жайық» газетінің редакциялық тапсырмасын алып жолға шыққанмын. Бағытым – Ақтау жақ. Алдымен әуежайға қоңырау шалып едім, сол күні болған үш рейстің үшеуіне де билет жоқ екен.
Тағы