Қаңтар оқиғасы кезінде жақындарынан айырылған бір топ адам 5 қаңтарда Алматыдағы "Тағзым" мемориалына барып, құран бағыштап, марқұмдарды еске алып, гүл қойды.
Ақ үйге Дональд Трамптың қайтып оралуы әлемдік державалар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға үйреніп қалған Орталық Азия елдері үшін бетбұрыс сәт болуы мүмкін.
26 жастағы Өскемен тұрғыны Ерқанат Жеңісұлы жеңіл көлігімен адам тасып, отбасын асырайды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, бір көзінен айырылса да, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан қайырымдылық көмек ала алмай жүр.
Азаттықтың маңызды хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында бұл жолы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендер жайлы айтамыз. 1990 жылы Аманжол Нәлібаев 1986 жылғы оқиғада зорлық көргендер туралы сөз қозғаған. Ол сұхбатқа режиссер Қалдыбай Әбенов те қатысқан.
"Азаттық толқынында" подкасында Желтоқсан құрбандары мен зардап шеккендер жайлы айтамыз. 1990 жылы желтоқсандық белсенді Аманжол Нәлібаев 1986 жылғы оқиғада зорлық көрген адамдар туралы сөз қозғаған. Бұл сұхбатқа Қалдыбай Әбенов те қатысқан. Сонда айтылғандарды қазір Ерлан Декелбаев та қуаттайды.
2022 жылы 5 қаңтар түнде Шымкент қаласы әкімдігі алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Алғашында олар "жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейіннен "айып дәлелденбей", іс қысқарып, "кездейсоқ қайтыс болған адамдар" тізіміне ілінді. Олардың өліміне байланысты іс те тоқтатылған.
2022 жылғы 5 қаңтарда Шымкентте әкімдік алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Билік іс қозғап, марқұмдар "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейін "айып дәлелденбегендіктен" іс қысқарды. Қаңтар оқиғасына үш жыл толғанда Азаттық бірнеше марқұмның туысымен тағы да сөйлесті.
Украинада ұзақмерзімді бейбіт келісімнің ауылы алыс сияқты. Бірақ жақында АҚШ президенті қызметіне кірісетін Дональд Трамптың соғысты жедел аяқтаймын деген уәдесін ескерсек, оқ атуды тоқтатуға талпыныс болары анық. 2025 жылы зеңбірек дауысы басыла ма? Бұл Украина үшін нені білдіреді?
Тағы