1917 жылдың қазан-қараша айларында қоғам қаймақтары бұрын-соңды қазақ даласында болмаған әлеуметтік эксперимент жасап, демократиялық құқықтық мемлекет — Алашорда автономиясын құруды бастады.
22 қарашада Чехия астанасы Прагада қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің концерті болды. Концерт алдында әлемнің түпкір-түпкірінен, соның ішінде АҚШ, Аргентина, Мексика, Коста-Рика, Польша, Испаниядан келген тыңдармандары pre-party өткізді.
Азаттық радиосы Түркістан редакциясын ұйымдастырғандардың бірі Қарыс Қанатбай туралы пьесаға Азаттық 1983 жылы шолу жасаған. Советтік пропагандаға құрылған шығарманы ел тәуелсіздігінен кейін ақтауға тырысатындар бар. Ал пьесаны кездейсоқ сахналаған режиссер сол заманда биліктегі жүйені дәріптегенін мойындайды.
Диссидент Қарыс Қанатбай жайлы пьесаға Азаттық 1983 жылы шолу жасаған. Советтік пропагандаға құрылған шығарманы ел тәуелсіздігінен кейін де ақтауға тырысатындар бар. Туындыны сахналаған режиссер сол кездегі жүйені дәріптегенін мойындап, драма дерегіне басқаша қарайды.
22 қарашаға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин телеүндеу жолдап, Украинаның Днепр қаласына “Орешник” дейтін жаңа зымыранмен шабуылдағанын айтты. Сарапшылар мұны Батысқа сес көрсету деп бағалап отыр.
Путин Батысқа сес көрсетті. Украина баллистикалық зымыран ұшырғанын растады. Қазақстан қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Тоқаев неге мұндай тапсырма берді? Жаңаөзенде ереуіл басталғалы 10 күн. "ҚазМұнайГаз" диалогқа дайын ба?
Маңғыстауда қырылған итбалық саны екі мыңға таяды. Олардың неден өлгені әзірше белгісіз. Министрлік "жер сілкінгенде бөлінген газдан болуы мүмкін" деп топшылап отыр. Ғалымдардың зерттеу қорытындысы әлі шыққан жоқ. Итбалық өлекселері табылған ауылдан Азаттықтың арнайы репортажын көріңіз.
Ресей президенті Владимир Путин бейсенбіде елдің қарулы күштері орта қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық қару түрімен Украинаға шабуылдағанын мәлімдеді. Ол мұны "америкалық және британдық алысқа ұшатын қаруды" пайдаланған Киевтің әрекетіне қарымта деп атады. Осыдан кейін Қазақстан билігі "Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты" елдегі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігін айтты.
Мәжіліс талқылап жіберген орыс тілі ұйымы туралы заң жобасын сенат жеті минутта мақұлдады. Орыс тілімен қатар Ресей ортақ тарих туралы да жиі айтады. Қазақстан тарихын Кремль жазбақ па? Газада атысты тоқтату туралы қарарға АҚШ неге қарсы шықты?
Бірі қалдық жейтін шыбын өсіреді, бірі қаладан органикалық қоқыс жинайды, енді бірі пластиктен қолөнер туындысын жасайды — алматылық табиғат жанашырлары елдегі қоқыс мәселесін шешуге, жаһандық жылыну процесін баяулатуға үлес қосып жүр. Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызы олардың жұмысын көріп қайтты.
Бірі қалдық жейтін шыбын өсіреді, бірі қала аралап, органикалық қоқыс жинайды, енді бірі пластиктен қолөнер туындыларын жасайды — алматылық табиғат жанашырлары елдегі қоқыс мәселесін шешуге, жаһандық жылыну процесіне баяулатуға барын салып жүр. Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызы экологиялық энтузиастермен кездесіп, жұмысын көріп қайтты.
Тағы