Украина қарулы күштері Днепр қаласына түскен ресейлік "Орешник" ракетасын көрсетті. Украина ракетамен Курск облысына соққы жасағаны айтылды. Трамп Украинадағы соғысты қалай аяқтау жолын "ойластырып жатыр". Соғыстағы 24-25 қараша күнгі ахуалды шолып шықтық.
Ақтөбеде полигонда қарауылда тұрған сарбаз қаза тапты. Әскери гарнизон "өзін-өзі атты" дейді. Үш жылда 270 қаза. Әскердегі өлімнің жиілеуіне не себеп? Грузияда наразылық басылмай тұр. Жаңадан сайланған парламентті мойындамаған оппозиция жақтастары алаңға шатыр тікті.
Әлемде үш әйелдің бірі зорлық көреді, бірақ көбі ешкімнен қолдау таппай үнсіз қалады. Азаттықта мұны өзгертіп, сізге қорған боламыз. Сіз жалғыз емессіз. Бұл жерден сіз қатыгездікті жеңген, өзін қорғаған жандардың оқиғасын оқып, тұңғиықтан шығарар жолды табасыз. Хабарласыңыз, сізді тыңдауға әзірміз.
Биыл қыркүйекте ресейлік белсенді, 19 жастағы Павел Владимировтің Қазақстанда ұсталғаны өткен аптада ғана мәлім болды. Украинадағы соғысқа қарсы белсенді Ресейден тамызда кеткен, оған террористік ұйым жұмысын ұйымдастырды деген айып тағылған. Бұған украиналық қызбен хат алмасуы себеп болса керек.
Тағы