Қазақстанда теңге құнсызданып, доллар қымбаттады. Мұнай арзандаса ахуал қалай өзгермек? Маңғыстау мен Атырау облысытарында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін адамдар ереуілге шықты. Не талап етеді? АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп жақтастарына қызмет үлестіріп жатыр.
13 қарашаға қараған түні Украинаның барлық облысына әуе шабуылы жасалды. Елде кейінгі үш айдағы босқындар саны 170 мыңға жетті. Ал Ресейдің Курск облысында Солтүстік Кореядан көмекке келген әскер соғысқа араласа бастады. Соғыстағы жағдайды шолып шықтық.
Қазір Лондонда тұратын қазақ Ербақыт Отарбайұлы қазан айының аяғында Босния және Герцеговина астанасы Сараевода өткен Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінде сөз сөйледі. Ол 2017-19 жылдары Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағындағы лагерьде шеккен азабы жайлы айтқан.
Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ жағдайда қаза тапқанына 19 жыл. Істің қайта тергелуіне не кедергі? Amanat партиясы халықтан неге кешірім сұрау керек? Белсендінің көздегені не? Әзербайжан астанасында жаһандық климат саммиті өтіп жатыр. Қазақстан президентін қандай мәселе алаңдадаты?
Ресей Украинаның Кривой Рог қаласын ракетамен шабуылдап, бір әйел мен оның үш баласы қаза тапты. Ал Донбасстағы соғыс жақындап қалған Лиман қаласы қыс мезгіліне дайындалып жатыр. Зеленский Трамп үшін "жеңіс жоспарын" толықтырды. 11-12 қарашадағы жағдайды шолып шықтық.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы мүше елдерге интеграция және ынтымақтастықтың балама мүмкіндіктерін береді, сөйте тұра бұл ұйым аймақтағы басқа бірлестік және державалармен бәсекеге түспейді, дейді Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университетінің ассистент профессоры Әсел Тутумлу.
Тағы