Маман бүгін Азаттыққа сұхбат беріп, өлім себебін анықтауға бір айдан аса уақыт керегін айтты. Оның сөзінше, Каспийде жалпы 300 мың итбалық болса, оның 60 мыңға жуығы Қазақстан жағында жүреді. «Кейінгі жылдары итбалықтар табиғи себептен емес, сыртқы фактор әсерінен көбірек өле бастады» дейді.
Алматы мен Киевтегі митингілердің соңы не болды? Тіркелмеген "Алаш" партиясының мүшелері Азаттықпен сұхбатында тоқсаныншы жылдарғы өздерінің тұжырым, жоспары, жастар белсенділігі және биліктің қысым тәсілдері жайлы айтады.
1990 жылы Алматы мен Киевтегі митингілердің соңы не болды? Совет үкіметі тіркеуден бас тартқан "Алаш" партиясының мүшелері Азаттыққа берген сұхбатында өз тұжырым, жоспары, жастар белсенділігі және биліктің қысым тәсілдері жайлы айтады.
8 қарашаға қараған түнде Ресей Украинаның бірнеше қаласына әуеден шабуыл жасады. Запорожьде шабуылдан 9 адам қаза тапты, біреуі – бала. 15 адам жараланды. Ал Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты құттықтап, оны "батыл адам" деп атады.
Тағы бір сарбаз қаза тапты. ҰҚК шекара қызметі оның өлімін «суицид» деді. Маңғыстау облысында итбалық қырылып жатыр. Табылған өлексе 500-ден асты. Ұлыбритания Қазақстанда тіркелген 6 компанияға санкция салды. Олар Ресейге не тасымалдаған?
"Жаншипаның" 34-эпизодында карпман үшбұрышы деген тақырыпты талқыладық. Психологияда Карпман үшбұрышы жайлы айтқанда адамдарға құрбан, құтқарушы, агрессор деген рөлдер беріп жатады. Демек, құрбан, құтқарушы, агрессор деген кім?
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында өлген итбалық саны 500-ден асты. Итбалықтың жаппай қырылуына байланысты мәлімет полицияға жолданғанымен, әзірге қылмыстық іс қозғалмаған. Сынама үлгілері зертханаларға жіберілген.
Қазақстанда кейінгі жылдары қазақ тілінде кітап шығаратын баспалар қатары едәуір кеңейді. Қазақ тілін дамыту үшін сапалы контент қалыптастыру керек, бұл орайда отандық авторлармен қоса, оқырман сұранысына ие әлем әдебиетінің озық үлгілерін қазақшаға аудару маңызды дейді баспа ісімен айналысып жүрген мамандар. Қандай әдебиетке сұраныс бар? Шетел әдебиетін қазақшаға аудару ісі қалай жүріп жатыр? Баспагерлер пікірін тыңдадық.
Осы аптада ортақ түркі әліпбиі туралы тағы айтылды. Бұл жолы да оны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған еске салды. Басқа елдердің басшылары бұл тақырыпты көп қозғамады. Түркілер бірыңғай қаріппен жаза ала ма? Ортақ жазу тек қағаздағы жоба болып қалмай ма?
Трамп соғысты 24 сағатта аяқтай аламын деген. Украиналық сарапшы "Трамп соғыста Ресейдің шарттарына келіссе, АҚШ-тың да жеңілгені" деп санайды. Ал ресейлік сарапшы "Трамп Мәскеудің айтқан шартының бәріне келісе бермейді" дейді. Дональд Трамп Украинаға көмектесе ме?
Солтүстік Корея Ресейге көмек ретінде жіберді деген әскердің соғысқа дайындығы жайлы пікір көп. Бірақ олар біліктілігі төмен болған күннің өзінде қалың қол болып майданға араласса, Украина қорғанысын бұзуға септігін тигізуі мүмкін.
Тағы