Биыл Астанаға шетел саясаткерлері көп келді. Олардың арасында Ұлыбритания шенділері де бар. Азаттық осы елдің Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен сұхбат құрып, екіжақты қарым-қатынастың ерекшеліктерін сұрады. Елші Қазақстандағы миссиясын 2021 жылғы тамызда бастаған.
Азаттық Стэнфорд университетінің профессоры, саясаттанушы, философ, 1992 жылы шыққан "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуямамен соғыстан кейін Ресейді күтіп тұр, Путин режимі күйрей ме және оның Қазақстанға әсері қандай болмақ деген сұрақтарды талқылады.
"Ресей мен Қытай әлсіресе, Орталық Азияның әрекет еркіндігі артады" дейді Стэнфорд университетінің профессоры, философ, 1992 жылы шыққан әйгілі "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуяма.
Назарбаев президент кезінде "қылмыскер" деп сырттай сотталған экс-премьер Қажыгелдинмен оңаша кездесті ме? Ол кездесуде не айтылды? Назарбаевтың Қажыгелдиннен кешірім сұрағаны рас па? Кезінде президент сайлауына түсуге ұмтылған, партия құрып, сайлауға да қатысқан Қажыгелдин елге қайтып орала ма?
Бүгін, 18 мамырда ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды. Ол туған күні қарсаңында Азаттыққа берген сұхбатында шығармашылық еркіндік, билік ауысуы, ядролық сынақ жайлы ой бөлісіп, қазақстандықтарға табиғи байлықтан түскен табыстан неге үлес берілмейтіні туралы пікірін айтты.
Еуропарламент қабылдаған қарарда депутаттар Қазақстанда адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай нашарлағанын мәлімдеп, құқық бұзуға қатысы бар лауазымды тұлғаларға санкция салуға үндеді. Еуропарламент вице-президенті Хейди Хаутала Азаттыққа берген осы қарар мен оған Қазақстанның реакциясы жайлы айтты.
Кеше ғана Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалған Садыр Жапаров 15 қазанда кешкісін жақтастарының алдына шығып, "президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін" айтып, "барлық билік менің қолыма өтті" деді.
Қазақстанның екінші президенті өзі саяси реформа деп атаған шараларды өзіне дейінгі басшы құрған жүйеде қалай жүргізіп жатыр?
Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы экономикалық дағдарыс, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныстары және басқа мәселелер туралы айтты.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
Тағы