Азаттық радиосының орыс тілінде өткізілген кезекті Дөңгелек үстелінде мемлекеттік атқару мекемелері мен түрлі деңгейдегі шенеунектерге Баспасөз құралдар туралы заңды мүлтіксіз орындатудың қандай жолдары немесе құралдары бар? - деген мәселе талқыланды.
Пікірталасқа қатысқандардың ортақ пікірінше, журналистердің құқы деген сөз - шенеуніктердің жауапкерлігі бар дегенді білдіреді, оған қоса журналистер мен баспасөз құралдары туралы заңды елемей жүрген шенеунектер өздері айыпсыз жазаға тартылу сияқты қиын жағдайға тап болғанда, оларға бірінші болып көмекке келетін- журналистер, сондықтан, журналистер мен олардың құқықтарын сыйлауға тиіс, дейді пікір білдірушілер.
Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ жүргізген Дөңгелек үстелдің жазбаша мәтінін Азаттықтың Интернет-сайтынан оқуға болады.