Азаттықтың кезекті дөңгелек үстелінің тақырыбы «Қазақстандағы кейбір діни ұйымдар қолдарына неге қару алды?» деп аталады. Дөңгелек үстелдің барысында Ақтөбе мен Астана қалаларындағы жарылыстар, әсіресе Ақтөбе облысының Шұбаршы ауылындағы полицейлерді кек алып өлтіру және Ақтөбедегі атыстар - дінді бүркенген қылмыстық топтардың кездейсоқ белсенділігі мен әлде нағыз діни экстремизмнің нышаны ма? Қазақстандағы бейресми діни құрылымдарға тыйым салу - бар проблеманы шеше қоя ма? Діни қауымдатықтар қолдарына неге қару алды?- деген мәселелер сараланды. Дөңгелек үстелдің жазбаша мәтіні мен толық аудио-нұсқасын Азаттық Радиосының сайтынан оқып тыңдауға болады.