Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық Радиосының бағдарламасын Дөңгелек үстел маслихатымен сабақтаймыз. Маңғыстаудағы Жаңаөзенде мұнайшылардың ереуілі міне үш ай жалғасып, төрінші айға кетті. Осы уақыттың ішінде Астанада отырған жоғарғы ресми билік ләм-мим деп тіс жарған емес. Ал осы кезде «Хьюман райтс уотч», «Фридом хаус» сынды адамның құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар ресми Ақорданы мұнайшылардың құқын қорғауға үндеді. Азаттық радиосының орыс тілінде өткізілген кезекті Дөңгелек үстеліне қатысқан сарапшылар ресми биліктің Қазақстан тарихындағы ең ұзақ ереуілді елемеуі қаншалықты созылған сайын, мұнайшылардың ереуілі де соншалықты саясилана түседі деген тұжымырға келді. Ақыр аяғында, ереуілшілер ресми биліктің алдына тікелей саяси талаптар қоя бастауы да  әбден ықтимал дейді сарапшылар. Әріптесім Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ жүргізген Дөңгелек үстелдің жазбаша мәтінін Азаттықтың интернет-сайтынан оқуға болады.

XS
SM
MD
LG